Accessibility links

Ресейде ядролық реактор құрастырушылар ереуілге шықты


Құрылыс алаңындағы МБИР корпусы.
Құрылыс алаңындағы МБИР корпусы.

Ресейдің Димитровград қаласында төртінші буынға жататын көп мақсатты жылдам нейтронды зерттеу реакторын (МБИР) құрастырушылар ереуілге шықты. Олар екі айдан бері жалақы алмаған. Сәрсенбі күні шамамен 300 адам наразылық акциясына шықты деп жазды "Коммерсантъ".

Ереуілшілер "Оргэнергострой" компаниясының бөлімінде істейді. Бұрынғы советтік институт мыңнан астам электр станцияларын, арасында атом реакторлары да бар, салуға қатысқан. Ульянов облысының басшылығы компаниямен хабарласа алмаған деп жазды "Коммерсантъ".

МБИР зерттеу реакторы ғылыми тәжірибелер мен зерттеулерге, озық ядролық реакторларға, реактордың негізгі макеттеріне және шағын және орта қуатты жылу реакторларына арналған материалдарды сынауға арналған. Оның құрылысы 10 жыл бұрын басталып, 2028 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

"Оргенергострой" 2020 жылдың аяғынан бері жобаның бас мердігері және жұмысын 2027 жылы аяқтауы керек. Компания 33,396 миллиард рубльге бағаланған тендерді жеңіп алды - бұл қазіргі бағам бойынша шамамен 413 миллион доллар.

Жылдам нейтронды реакторлар ядролық энергетикада тұйық циклді технологияны енгізуге мүмкіндік береді. МБИР-ден бөлек, осы саладағы зерттеулер үшін Северскіде Брест реакторы салынып жатыр.

Бір күн бұрын ресейлік БАҚ "Оргэнергострой" компаниясын прокуратура тексеретінін жазды.

XS
SM
MD
LG