Ресей дрондары 1 қазанда Киевтегі оңтүстік көпірге үш рет шабуыл жасады. Алғашқы соққы 1 қазанға қараған түні жасалған. Екі "шахед" дроны көпірдің тірегіне жақын жерде метро пойызы өтіп бара жатқанда жарылды. Ешкім зардап шекпеді, көпір қозғалысы жылдам қалпына келтірілді.
Екінші соққы күндіз жолға жасалды, айтарлықтай шығын болмады.
Үшінші соққы кешке қарай жасалды. Киев мэрі Виталий Кличконың айтуынша, көпірдің бір тірегі, жол жабыны, рельстер және метроның бетон тосқауылдары бүлінген.
Оңтүстік көпір – Киевтегі маңызды көпірлердің бірі. Ол Днепрдің оң жағалауы мен сол жағалауын қосады. Көпірдің ұзындығы – жарт шақырым. Автомобиль тас жолынан бөлек, көпірден Киев метросының бір бөлігі де өтеді.
Қазір көпірдегі қозғалыс тоқтатылған.
Ресей әскері күн сайын Киевке соққы жасайды. Азаматтық нысандар, жанармай станциялары, дата орталықтар, көлік инфрақұрылымы, сонымен бірге тұрғын үйлер атқыланады.