Accessibility links

Қырғызстандағы парламент сайлауы: орталық сайлау комиссиясы 34 үміткерді тіркемеді


Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу бойынша орталық сайлау комиссиясы (ОСК) кезектен тыс парламент сайлауына үміткер ретінде қатысуға ниет білдірген 34 азаматтың өтінішін қабылдамады. Бұл жөнінде ОСК хабарлады.

Ресми хабарламаға қарағанда, кейбірі заңнамаға сай кепілдеме туралы талапты орындамаған, уақытында сайлау қорын құрып үлгермеген.

Бұған қоса, кейбір азаматтардың өтініші “Жогорку кеңеш депутаттарын сайлау туралы” конституциялық заңның 61-бабы 11-тармағына сәйкес қабылданбаған. Бұл бапқа сәйкес, егер азаматтың ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қарулы топқа қатысы болып, жедел-профилактикалық есепте тұрса, онда мұндай тұлғалар үміткер ретінде тіркеле алмайды.

Үміткерлерді тіркеу мерзімі 30 қазанда аяқталған. Сайлауға үміткер ретінде қатысуға барлығы 589 адам - 365 ер адам мен 224 әйел қатысуға ынта білдірген.

Қырғызстанда парламент сайлауы 30 қарашада өтеді.

Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі 10 қарашада басталады.

Жогорку кеңеш өзін тарату туралы шешімді 25 қыркүйекте қабылдаған.

XS
SM
MD
LG