Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Асылжан Есенқызы Азаттыққа сұхбат беріп, қазір бастан кешіп жатқан қиындығы жайлы айтты. Оның сөзінше, атына жазылған пәтерінің меншік құқығы өзінің сыртынан өзгеге ауысып, кейін мемлекет иелігіне өтіп кеткен.