Accessibility links

Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.
Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 24-28 ақпан арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне төрт күннен асты. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Украина қарулы күштері мен Ресей әскері арасында шайқас жүріп жатыр.

Украина жағы Ресейдің үш мыңнан астам әскери қызметкері қаза тапты дейді. Ресей 27 ақпан күні сарбаздарының опат болғанын алғаш рет мойындады, бірақ нақты санын айтпады. Украина сарбаздары арасында жүздеген адам опат болған, қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания және көптеген өзге ел Мәскеуге қарсы санкцияны күшейтіп жатыр. Еуроодақ елдері Украинаға шабуылдаушы ұшақтар беретін болды. Ресей президенті Владимир Путин Ресей ядролық қаруын арнайы тәртіпке көшіруді бұйырды.

Еуроодақ Ресей ұшақтарына әуе кеңістігін жауып, Кремльге жақын Sputnik және Russia Today бұқаралық ақпарат құралдарының Еуропа елдеріндегі жұмысына тыйым салмақ.

00:06 1.3.2022

Киевте кешкісін қатты екі жарылыс болып, дабыл қағылды. Спутниктен түсірілген суреттер тарататын Maxar компаниясы ресейлік танкілердің Киев облысындағы Иванова ауданында кетіп бара жатқанын көрсететін мына фотоны жариялады. Иванковадан Киевке дейін 80 шақырым.

00:07 1.3.2022

28 ақпанда шабуылға ұшыраған Харьков қаласындаа қираған ресейлік әскери техника. Қала көшелерінде қаза тапқан ресейлік әскерилердің мәйіті де шашылып жатыр.

01:18 1.3.2022

Ресей билігі Украинада бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап жатқан жоқпыз дейді. Бірақ 28 ақпанда Харьков қаласына Ресей ракетадан шабуыл жасап, тұрғын үйлер мен кемі бір мектепті қиратты.

07:35 1.3.2022

28 ақпанда түнде Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген алғашқы ұшақ Алматы әуежайына қонды.

Ұшақта 175 азамат болды: 169-ы – ересек, алтауы – екі жасқа дейінгі сәбилер. Екінші ұшақ 1 наурызға жоспарланған.

Бұған дейін Қазақстан СІМ Украинадан Польшаға 241 қазақстандық жеткізілгенін, 99-ы шекарада кезекте тұрғанын мәлімдеген.

26 ақпан күнгі мәлімет бойынша, 528 адам Қазақстан елшілігінен эвакуация бойынша көмек сұраған.

Украинадан эвакуацияланған Қазақстан азаматтары. 28 ақпан 2022 жыл.
Украинадан эвакуацияланған Қазақстан азаматтары. 28 ақпан 2022 жыл.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG