Accessibility links

Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.
Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 24-28 ақпан арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне төрт күннен асты. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Украина қарулы күштері мен Ресей әскері арасында шайқас жүріп жатыр.

Украина жағы Ресейдің үш мыңнан астам әскери қызметкері қаза тапты дейді. Ресей 27 ақпан күні сарбаздарының опат болғанын алғаш рет мойындады, бірақ нақты санын айтпады. Украина сарбаздары арасында жүздеген адам опат болған, қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания және көптеген өзге ел Мәскеуге қарсы санкцияны күшейтіп жатыр. Еуроодақ елдері Украинаға шабуылдаушы ұшақтар беретін болды. Ресей президенті Владимир Путин Ресей ядролық қаруын арнайы тәртіпке көшіруді бұйырды.

Еуроодақ Ресей ұшақтарына әуе кеңістігін жауып, Кремльге жақын Sputnik және Russia Today бұқаралық ақпарат құралдарының Еуропа елдеріндегі жұмысына тыйым салмақ.

23:29 26.2.2022

Әзербайжан Украинаға гуманитарлық көмек ретінде дәрі-дәрмек және медициналық жабдықтар жіберді. Бұл жөнінде президент Ильхам Әлиев хабарлады.

Ал Германия Украинаға танкілерді жоятын қару-жарақ жібереді. Германия үкіметінің ресми өкілі Штеффен Хебештрайттың айтуынша, үкімет Украинаға танкілерді жоятын қарудың мың данасы мен 500 "Стингер" зымыранын жібереді.

12:04 27.2.2022

Украина шекарасында мыңдаған адам Еуропадан пана сұрап тұр

Украинаның Ресей басқыншылығынан қауіптенген ондаған мың азаматы іргелес Польша, Словакия, Венгрия және Молдова жеріне өтуіге тырысып жатыр. Бұл жөнінде ВВС жазды.

Ресей шабуылы басталғалы 3 күн ішінде бір ғана Украина-Польша шекарасынан 115 мың адам өткен. Көп адам шекараға артық затсыз, жаяу-жалпы жеткен. Кейбір шекара пункттеріндегі кезек 15 шақырым болған.

Босқындардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар. Мобилизацияға ілінетін 18 бен 60 жас аралығындағы ер-азаматтар Украинадан шығарылмайды. Бұл - Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жаңа тарихта Еуропада болған аса ірі гуманитарлық дағдарыс. Сарапшылардың сөзінше жүздеген мың отбасы бір-бірінен ажырап қалған.

Львовта босқындар Польшаға тегін апаратын пойыздан орын таппай жатыр. Оларды үшінші составтан да қалып жатыр.

Бұған дейін БҰҰ Ресей Украинаға шабуыл жасаған екі күннен бері кемі 150 мың адам Украинаны тастап кетуге мәжбүр болғанын хабарлаған.

12:20 27.2.2022

Lufthansa Ресейге ұшпайтынын хабарлады. Бұған дейін Батыстың 10 елі Ресейге авиабойкот жариялаған

Еуропа одағының Ресей әуе компанияларына Еуропа аспанын жабуға дайындалып жатқаны байланысты Германияның Lufthansa әуекомпаниясы 27 ақпанға қараған түні мұнан әрі Ресейге ұшақтарын жібермейтінін жариялады.

Мұндай шешім туралы Lufthansa өкілі Reuters агенттігіне хабарлады. Әзірге 7 наурызға дейін шектеу көзделген. Flightradar24 азаматтық авиациясының мониторинг сервисі сенбі күні Ресей әуе кеңістігіне өткен ұшақтар кері қайтып жатқанын көрсеткен.

26 ақпанда немістің ARD телеарнасының Берлиндегі өкілдігі басшысының орынбасары Маттиас Дейс "Твиттер" парақшасына Еуропа одағы Ресей әуекомпанияларының ұшақтарына әуе кеңістігін толық жабуды жоспарлап отырғанын жазған еді.

Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты бұған дейін Литва, Латвия, Эстония, Словения, Румыния, Болгария, Чехия, Польша және Ұлыбритания Ресей ұшақтарына әуе кеңестігін толығымен жапқан болатын. Мәскеу жауап ретінде бұл елдердің ұшақтарына әуе кеңістігін жапқан.

14:00 27.2.2022

Ресей әскері Харьковке кірді, Киев штурмға дайындалып жатыр

Ресей әскері Украинаның екінші ірі қаласы Харьковке кірді, қала маңы мен қала ішінде кескілескен ұрыс жүріп жатыр.

Харьков әкімшілігінің басшысы Олег Синегубов Ресейдің Украинаға шабуылының төртінші күні жеңіл әскери техника қалаға басып кіргенін мәлімдеді.


Бұл ақпаратты Украина ішкі істер министрінің орынбасары Антон Геращенко да растап, бірнеше жеңіл ұрыс техникасы Харьков көшесінде кетіп бара жатқанын Telegram арнасында көрсетті.

Олег Синегубов қала тұрғындары үйде отыруға шақырды.

"Харьковке жаудың жеңіл техникасы кірді. Қала орталығында да жүр. Назар аударыңыздар! Сыртқа шықпаңыздар! Украина қарулы күштері жауды жояды",– деп жазды ол.

Украина астанасының тұрғындары 27 қаңтар күні таңертең жарылыс болып жатқанын хабарлады. Жарылыс Киевтің оңтүстік-шығыс бөлігінде болған – Ресей Киевтің оңтүстігіндегі Васильков қаласындағы мұнай базасына соққы берген.

"Жау бәрін жойғысы келеді",- деді Васильков қаласының басшысы Наталья Баласинович.

Харьков түбінде қақтығыс болып жатқан кезде Украина президентінің офисі Ресей әскері қаладағы газ құбырын жарғанын мәлімдеді. Үкімет түтіннен қорғану үшін терезеге ылғал мата немесе дәке тұту қажеттігін ескертті.

Зеленский офисі Жуляны әуежайында тағы да жарылыс болғанын хабарлады. Украина әскері Киев қорғанысын ұстап тұрғанын, Ресейдің қалаға кіріп кеткен "диверсиялық топтарын" жойғанын хабарлады.

"Елімізді азат еткенше соғысамыз",- Зеленский видео мәлімдемесінде.

Еуропа одағы, Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания, Канада және АҚШ жетекшілері Ресейдің кей банктерін SWIFT жүйесінен ажыратуға және Ресей Орталық банкін шектеуге уағдаласқан.

26 ақпанда Украина денсаулық сақтау министрі Виктор Ляшко Ресей шабуылының салдарынан 198 адам өліп, мыңнан астам адам жараланғанан хабарлаған. Ресей соғыс құрбандарын жариялаған жоқ.

26 ақпанда БҰҰ босқындар ісі бойынша агенттігі Украинаның 120 мыңнан астам азаматы шетелге кеткенін хабарлады. Негізінен әйелдер мен балалардан тұратын босқындар Польша, Румыния, Молдова және Венгрияға кеткен. Әскерге жарамды ер адамдарды Украинадан шығармайды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG