Accessibility links

Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.
Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 24-28 ақпан арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне төрт күннен асты. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Украина қарулы күштері мен Ресей әскері арасында шайқас жүріп жатыр.

Украина жағы Ресейдің үш мыңнан астам әскери қызметкері қаза тапты дейді. Ресей 27 ақпан күні сарбаздарының опат болғанын алғаш рет мойындады, бірақ нақты санын айтпады. Украина сарбаздары арасында жүздеген адам опат болған, қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания және көптеген өзге ел Мәскеуге қарсы санкцияны күшейтіп жатыр. Еуроодақ елдері Украинаға шабуылдаушы ұшақтар беретін болды. Ресей президенті Владимир Путин Ресей ядролық қаруын арнайы тәртіпке көшіруді бұйырды.

Еуроодақ Ресей ұшақтарына әуе кеңістігін жауып, Кремльге жақын Sputnik және Russia Today бұқаралық ақпарат құралдарының Еуропа елдеріндегі жұмысына тыйым салмақ.

22:30 28.2.2022

Украина-Ресей келіссөзінің бірінші раунды аяқталды

Украина делегациясы Ресеймен келіссөз аяқталғанын мәлімдеді. Киев өкілі Михаил Подоляктің сөзінше, екі тарап еліне оралып, келіссөз нәтижесі мен келіссөзді жалғастыру мүмкіндіктерін президенттермен талқылайды. Подоляк келіссөздің екінші раунды болатыны жайлы да айтты.

22:27 28.2.2022

Украина президенті Владимир Зеленский Украинаны Еуропа одағына қосылуға өтініш берді. Бұған дейін Зеленский Еуропа одағынан Украинаны одаққа қабылдауды жылдамдатуды сұраған.

22:21 28.2.2022

Макрон Путиннен соғысты тоқтатуды тағы сұрады

Франция президенті Макрон Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты аяқтау мәселесін талқылады. Франция тарапы таратқан мәлімдемеде Макрон Путиннен бейбіт тұрғындарға, инфраструктураларға әуе соққылары мен басқа да шабуылдарды тоқтатуды сұрағаны жазылған.

Франция билігі "Путин бұл өтініштерді орындауға дайын екенін білдірді" деп мәлімдеді.

Бірақ Кремль таратқан мәлімдемеге сенсек, Путин Макронға Украина мәселесін шешу үшін мынандай талаптар қойған:

  • Ресейдің Қырымдағы тәуелсіздігін мойындау;
  • Украина мемлекетін "демилитиризациялау" және "ұлтшылдардан тазарту";
  • Украинаның бейтарап статусын қамтамасыз ету.

Бұған дейін Путин мен Макрон бірнеше рет телефонмен сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылаған.

21:53 28.2.2022

Ресейлік әскерилердің Харьков қаласын "Град" снарядтарымен атқылаған сәт.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG