Православ христиандар 19 қаңтарда Шоқыну мерекесін атап, мұздай суға шомылып шығады. Алматылық православтар бұл рәсім кезінде Үлкен Алматы өзеніне түсті.
Алматыдағы шоқыну мерекесі

1
Діндарлар шоқыну кезіндегі су тән мен жанды шынықтырады деп біледі.

2
Шіркеудегі құлшылықтан кейін шеру тартып өткен православтардың кейбірі суға түседі.

3
Бұл күні судың емдік қасиеті болады, күнәні жуады деген сенім бар.

4
Діни рәсімді құтқарушылар мен дәрігерлер бақылап тұрды. Ол маңда жылынатын орын да жасалған.

5
Суға түсушілердің арасында кәрі де, жас та болды.

6
Православтардың нанымынша, бұл күні Иса пайғамбар Йордан өзенінде шоқынған.

7
Жұрттың суға түсуіне күннің суықтығы да бөгет болған жоқ.

8
Шоқыну мерекесі - христиан дінінің ең көне мейрамдарының бірі.