Осы аптада әлемнің шартарабынан түсірілген фотоларды ұсынамыз. Азаттықтың фотогалереяларын мына сілтемеден көре аласыз.
Будапештегі наразылық және Страсбургтегі шабуыл

1
Келе жатқан рождество мерекесі қарсаңында дүкеннен әшекей бұйым қарап жүрген христиан отбасы. Лахор қаласы (Пәкістан). 14 желтоқсан 2018 жыл.

2
Украина мемлекеттік туы түстес қолғап киіп, саусағымен V белгісін көрсетіп тұрған діни қызметкер. Киевтегі София соборына жиналған Украина православ дін өкілдері Ұлттық православ шіркеуін құруға келісті және оның басшысын сайлады. Киев. 15 желтоқсан 2018 жыл.

3
Париждегі Опера театры маңында полиция қызметкерлерінің алдында тұрған демонстранттар. Олар биліктің салық өсіру саясатына наразы. Париж. 15 желтоқсан 2018 жыл.

4
Кірпіш пештің жанынан өтіп бара жатқан адам. Карачи (Пәкістан). 14 желтоқсан 2018 жыл.

5
Virgin Galactic компаниясына тиесілі SpaceShipTwo жолаушылар ұшағының сынақтан өтіп жатқан сәті. Мохаве даласы (Калифорния, АҚШ). 13 желтоқсан 2018 жыл.

6
Еңбек кодексіне енген өзгерістерге қарсы парламент үйінің алдына жиналған наразылар. Будапешт (Венгрия). 13 желтоқсан 2018 жыл.

7
Маска киіп, қоршаған ортаның ластануына қарсы наразылық шарасына келген адам. Бухарест (Румыния). 12 желтоқсан 2018 жыл.

8
Израиль әскерилерімен қақтығыс кезінде түтін арасынан шығып келе жатқан палестиналық адам. Бейт-Эль елдімекені, Израиль батысы. 13 желтоқсан 2018 жыл.

9
Ауған қыздары. Нангархар уәлаяты (Ауғанстан). 13 желтоқсан 2018 жыл.

10
Шри-Ланка спортшысы Черанта де Силва жүзуден қысқа бассейндегі әлем чемпионаты қатысып жатқан сәті. Гуанчжоу (Қытай). 12 желтоқсан 2018 жыл.

11
Ресейлік ғарышкер ашық космосқа шығып, "Союз" зымыраны сыртындағы қысымды тексеріп тұр. 11 желтоқсан 2018 жыл.

12
Страсбургтегі шабуыл болған аймақ. Страсбург, Франция. 12 желтоқсан 2018 жыл.

13
Жыл сайын өтетін әскери училище студенттері балына қатысушы жастар сахна сыртында отыр. Мәскеу. 11 желтоқсан 2018 жыл.

14
Құқық қорғаушы Людмила Алексееваны ақтық сапарға шығарып салуға келген жұрт. Мәскеу. 11 желтоқсан 2018 жыл.

15
Жаңа жылдық мереке қарсаңында тігілген шыршаны тамашалап тұрған қыздар. Бішкек. 10 желтоқсан 2018 жыл.

16
Үндістан сарбазы мерекелік шара кезінде әскери дайындығын көрсетті. Бангалор. 9 желтоқсан 2018 жыл.

17
Горький атындағы орталық саябақта итін қыдыртып жүрген әйел. Минск (Беларусь). 8 желтоқсан 2018 жыл.

18
Солтүстік Кореяның балық аулаушы кемесі. Владивосток маңы (Ресей). 8 желтоқсан 2018 жыл.

19
Аяз ата мерекесінде гүлден тәж тоқып киген әйелдер. Брест облысы (Беларусь). 8 желтоқсан 2018 жыл.

20
Селфи жасап тұрған ана мен бала. Қазан (Ресей). 8 желтоқсан 2018 жыл.

21
Полиомиелитке қарсы екпе салып жатқан дәрігер. Пешевар (Пәкістан). 10 желтоқсан 2018 жыл.