4 тамызда Ливан астанасы Бейруттегі портта екі ірі жарылыс болып, апаттан кем дегенде 136 адам қайтыс болды. 4 мыңдай адам зардап шекті. Жүздеген мың адам үйсіз қалды. Ел билігі порттағы қоймада сақталған 2750 тонна аммоний селитрасы жарылған деп болжайды. Назарларыңызға Бейрут қаласының жарылысқа дейінгі және жарылыстан кейінгі суретін ұсынамыз.
Бейруттағы порт: Жарылысқа дейін және кейін
4 тамызда Ливан астанасы Бейруттегі портта екі ірі жарылыс болып, апаттан кем дегенде 136 адам қайтыс болды.
Дейін

Кейін

1
Maxar Technologies ұсынған спутник суреттері - Бейрут порты жарылысқа дейін және жарылыстан кейін.
Жарылыстан порттан он шақырым жерде орналасқан ғимараттар да қираған. Жарылысты 240 шақырымда орналасқан Кипр тұрғындары да естіген. Апат шығыны - кем дегенде 3 миллиард доллар.
Жарылыстан порттан он шақырым жерде орналасқан ғимараттар да қираған. Жарылысты 240 шақырымда орналасқан Кипр тұрғындары да естіген. Апат шығыны - кем дегенде 3 миллиард доллар.
Дейін

Кейін

2
Ливан билігі Бейрут портындағы ірі жарылысқа байланысты 16 адамды қамауға алды. Премьер-министр Хасан Диаб кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берді. Ұсталғандар арасында порт басшысы Хасан Корайтем де бар. Associated Press агенттігінің жазуынша, тергеушілер 7 тамызда одан жауап алмақ. Орталық банк бірнеше шенеуніктің есепшоттарын бұғаттады.
Дейін

Кейін

3
Ливанның LBCI телеарнасының алдын ала мәліметі бойынша, портта Rhosus кемесімен жеткізілген аммоний селитра жарылған. Молдовия туымен жүрген бұл кеме Ресейдің Хабаровск тұрғыны, бизнесмен Игор Гречушкинге тиесілі. Бұл кеме портта 2014 жылдың қыркүйегінен бері тұрған. Кеме жүкті Грузиядан Мозамбикке апара жатқан. Кейін Ливан билігі “кеме портқа ақы төлемеді” деп, жүкті қоймаға түсірген. Кеме сонда қалған.
ПІКІРЛЕР