Жаңа, 2019 жылдың келуіне санаулы күндер қалды. Бішкек тұрғындары туыс-жақындарына сый-сияпат әзірлеп, базарларда сауда қызып жатыр. Қала көшелері түрлі-түсті мерекелік әшекейлермен безендірілген.
Бішкектегі Жаңа жылға әзірлік

1
Шығыс күнтізбесі бойынша, 2019 жыл - доңыз жылы. Астрологтар бұл жылы еңбекқор жандар табысқа кенеліп, теңін таба алмай жүргендер іздеген адамына жолығады дейді.

2
Бішкектің Ала-Тоо алаңы.

3
Бішкектің орталық алаңына биіктігі 27 метр, диаметрі - 12 метр болатын мерекелік шырша орнатылды.

4
Жаңа жылдық шыршаға 350 ойыншық және жалпы ұзындығы 480 метрлік жылтырақ ілінді.

5
Қаладағы ғимараттардың есік-терезелеріне де ою-өрнектер мен түрлі суреттер салынған.

6
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында түрлі маскалар мен өзге де заттар сатып тұрған адам.

7
Жаңа жыл мерекесіне арналған заттар сатып тұрған саудагер.

8
Бішкек базарында мектепке дейінгі жастағы қыз балаларға арналған жаңа жылдық киімдердің небір түрі кездеседі.

9
Жаңа жыл мейрамына орай безендірілген Ала-Тоо алаңында жүрген бойжеткендер.

10
Базарда жаңа жылға арналған сый-сияпаттар сатып тұрған кәсіпкер.

11
Балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтың орташа бағасы 1500 сом болды.

12
Жаңа жыл қарсаңындағы кешкі Бішкек.

13
Жасанды шыршаның бағасы көлеміне қарай әртүрлі. Кішірегін 400 сомға, үлкендерін 2000-2500 сомға сатып алуға болады.

14
Жаңа жылдық жәрмеңкеге бара жатқан атасы мен немересі.

15
Астрологтар бұл жолғы доңыз жылын сары түспен қарсы алуға кеңес береді.

16
Бішкектегі көшелердің бірінде.

17
Жаңа жылдық ойыншықтар мен сыйлықтар сатып отырған адам.

18
Жаңа жылды үй-ішімен, жақын адамдармен бірге қарсы алғанға не жетсін!

19
Кей діндарлар "Жаңа жылды тойлау - шариғатқа жат", оның орнына діни мерекелерді атап өткен жөн деген пікір айтады. Әйткенмен, жаңа жылды қарсы алып, көпшілік мереке ретінде жаппай тойлау бұрынғысынша жалғасып келеді.