Қырғызстан төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі 17 қарашада болған күшті жер сілкінісінен соң Ош облысында 3400 үйді тексерді. 725 үйдің күрделі жөндеуді қажет ететіні, 380 үйдің қалпына келтіруге жатпайтынын, ондаған үйдің бұзылғаны анықталды. Зардап шеккен Чайчы ауылына 50 шатыр мен әлеуметтік пеш бөлінген. Алайда шатыр бәріне бірдей жетпегендіктен, кей отбасы көрші селоларда қонып, кей отбасы басқа жерде қыстауға мәжбүр.
Жер сілкінісінен соң

1
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік Қара Су және Алай аудандарына қосымша 90 шатыр бөлінетінін мәлімдеді. Алайда шатырда тұруға мәжбүр адамдар түннің суықтығын айтады.

2
Қырғызстан премьер-министрі Темір Сариев жуырда жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардағы үйлері апатты деп танылған адамдарға уақытша тұру үшін арнайы контейнерлер берілетінін хабарлады.

3
Билік жуық арада зардап шеккендер үшін мобильді үйлер мәселесін шешуге уәде берді.

4
Жер сілкінісінен адам өлген жоқ. Тек сол күні жоғары қан қысымымен дәрігерге шағым айтқандар көбейген. Қара Су ауданының өзінде 200 адам ауруханаға қаралған.

5
7 балдық жеткен жер сілкінісі 17 қарашада болған. Зілзала сонымен қатар Бішкекте, Ошта, Джалал-Абадта, Алай, Чоң-Алай, Қара-Суй аудандарында да сезілген. Жер асты дүмпулері Қазақстанның оңтүстігінде де байқалған.

6
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік Ош облысындағы 3 400 үйді тексерді. 725 үйдің күрделі жөндеуді қажет ететіні, 380 үйдің қалпына келтіруге жарамайтыны, 10 үйдің бұзылғаны анықталды.

7
Премьер-министр Темір Сариев зардап шеккендерге 50 мың сом (700 доллар шамасында) материалдық көмек және 200 мың сомның (2 800 доллар шамасы) несие түрінде берілетінін айтты.

8
Сариевтің сөзінше, аймақтағы көп үйлер сейсмикалық қауіпсіздік жайы ескерілмей салынған.

9
Кызыл-Суу селосындағы ТЖМ штабы.

10
Зардап шеккендерге арналған шатырда тұрып жатқан балалар.

11
Зардап шеккен үйлердің саны анықталғанымен, жалпы шығын әлі есептелмеген.

12

13

14
Бұзылған үйлердің маңындағы тұрғындар.

15
Қырғызстанның Ош облысындағы бұзылған үй.