1949 жылы Совет одағы Қазақстан жерінде ашқан Семей полигонында 1953 жылы дүние жүзіндегі алғашқы термоядролық (сутегі) бомба жарылды. Полигонда 40 жылға созылған сынақ барысында 400-ден астам ядролық жарылыс (олардың 116-сы жер бетінде) жасалды. Полигон аймағындағы мыңдаған адам қатерлі ісік, жүйке ауруына шалдығып, көптеген сәби дүниеге мүгедек болып қалды. 1991 жылы жабылған Семей полгигонындағы соңғы ядролық заряд 1995 жылы жойылып, соңғы ядролық оқтұмсықтар Қазақстаннан шығарылды. 2000 жылы полигондағы ядролық сынаққа арналған соңғы штольня жойылды. Бұған қоса Ақтау ядролық реакторы да жабылды.
Қазақстан жойқын қарусыз ел атанған күн
1994 жылы 14 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа сапарында Американың сол кездегі президенті Билл Клинтонға ядролық қаруларды жаппай таратпау келісімінің ратификацияланған құжаттарын тапсырды. Қазақстан осы күннен бастап ядролық қарудан бас тартқан ел болып есептеледі.
1949 жылы Совет одағы Қазақстан жерінде ашқан Семей полигонында 1953 жылы дүние жүзіндегі алғашқы термоядролық (сутегі) бомба жарылды. Полигонда 40 жылға созылған сынақ барысында 400-ден астам ядролық жарылыс (олардың 116-сы жер бетінде) жасалды. Полигон аймағындағы мыңдаған адам қатерлі ісік, жүйке ауруына шалдығып, көптеген сәби дүниеге мүгедек болып қалды. 1991 жылы жабылған Семей полгигонындағы соңғы ядролық заряд 1995 жылы жойылып, соңғы ядролық оқтұмсықтар Қазақстаннан шығарылды. 2000 жылы полигондағы ядролық сынаққа арналған соңғы штольня жойылды. Бұған қоса Ақтау ядролық реакторы да жабылды.

1
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен АҚШ президенті Билл Клинтон ядролық қаруды жаппай таратпау жөніндегі келісімге байланысты бір-бірін құттықтап тұр. Вашингтон. 14 ақпан, 1994 жыл

2
Семей полигонындағы радиация мөлшерін өлшеп тұрған маман

3
Семей полигонындағы көлшіктердің бірі

4
Курчатов қаласы маңындағы сынақ алаңы

5
Семей полигонындағы бақылау мұнаралары

6
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Семей полигоны музейінде. 6 сәуір, 2010 жыл

7
Ядролық сынақтан кейін пайда болған "Атылған көл" маңындағы радиацияны өлшейтін дозиметр

8
Зерттеу сынамаларын алу үшін қазылған шұңқыр

9
"Атылған көл"
ПІКІРЛЕР