Түркиядан келген Dogus баспасының бас директоры Билял Каракуш көрмеге Қазақстан нарығымен танысу үшін келіпті.
"ХИМИЯЛЫҚ ҚОСПАЛАР ҚОЛДАНБАЙМЫЗ"
Түркияда ірі кітапхана, университетке арнап оқулықтар шығаратын баспа өкілінің айтуынша, АҚШ, батыс елдерінде экологиялық таза кітап шығару өндірісіне қатты көңіл бөлінеді.
Оның айтуынша, Қытай, Түркия, Қазақстан сияқты елдерде бұл бағытқа енді-енді ғана көптің назары түсіп отыр. Ол өзінің баспасында экологиялық таза кітаптар шығаратынын айтады.
- Біз кітапты басып шығарған кезде химиялық заттар қолданбаймыз. Негізінен шөптен жасалған қоспаларды пайдаланамыз. Сол себепті адамның денсаулығына зияны жоқ. Бұл әсіресе, балалар кітаптарында жиі қолданылады. Өйткені, балалар қолдарын аузына жиі салады. Бұл да кәдімгі химиялық бояу және қына бояуы сияқты нәрсе ғой. Мұндай кітаптардың санының көбеюіне байланысты олардың бағасы да арзандап жатыр, - дейді ол.
Билял Каракуш мұнан бөлек баспадағы кейбір кітаптардың мұқабалары теріден жасалатынын айтады.
- Сиыр, қой терісінен жасалады. Терімен жасалған кітаптар тез жыртыла қоймайды. Ұзаққа шыдайды. Бір нәрсе төгіліп кеткен жағдайда сүрсе дақ қалмайды, - дейді баспагер.
Қытайдың Кунминь қаласынан келген Worldwide Printing Solutions компаниясының орыс бөлімінің жетекшісі Аркадий Корниенко бояу сапасының маңыздылығына мән береді.
Ол «Алматыкітаппен» бірлесіп, өткен жылдан бері қазақстандық оқушыларға кітаптар шығара бастағанын айтады.
- Мұнда бәрі мұқият тексеріледі. Қағаз, бояу барлығы балаларға зияны тимес үшін сертификаттан өткен. Қазақстан және Ресей нарығына ақырындап шығып жатырмыз. Бізде қытайлық өнім болғанмен сапасы "китайский" емес. Ресейде қытайлық десе, жаман деп ойлайды, - дейді Аркадий Корниенко.
Оннан астам елдің баспагерлері қатысып жатқан көрмеге бағалы элиталық кітаптар, сирек жазбалар қойылды.
Мысалы, Түркияның Стамбул қаласынан келген баспагерлердің бірі құны 5 мың долларлық Құран көрсетті.
Баспа өкілінің айтуынша, мұқабасы термотеріден жасалған қасиетті кітаптың материалдарын арнайы Еуропадан алдыртқан, кітаптағы жазуды алтындапты.
ШЫҢЖАҢДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАЛАРЫ
Қытайдан келген Шыңжаң халық баспасының бас редакторының орынбасары Шәріпхан Әбдәлиұлының айтуынша, Шыңжаң аумағында қазақ тілінде кітап шығаратын 12 баспа бар.
- Олардың көбісі төте жазуында шығады. Кириллица қарпімен басылған кітаптар бар, - дейді Шәріпхан Әбдәлиұлы.
Оның сөзінше, баспа жылына бірнеше мың қазақша кітап шығарады. Баспагер көрмеге Шыңжаңдағы қазақтар арасында кеңінен таралған дастандар жинағын да алып келіп, келушілерге таныстырып жатты.
Көрмеде балалар әдебиетіне арналған сөрелер де аз болмады.
Алматы тұрғыны Надежда Каранчук бір жылдан бері көзі нашар көретін яки мүлде көрмейтін балаларға арналған кітаптар шығарумен айналысып жүргенін айтады.
Ол жазушы, суретші, әрі тігінші. Оның қолмен жасалған кітаптарындағы өлеңдер көзі көрмейтін адамдар оқи алатындай брайль шрифтімен жазылған.
- Бұл экологиялық таза өнім десек те болады. Кітаптар жыртылмайды, тез жуылып, тіпті үтіктелуі де оңай. Көркем безендірілген мұндай кітап кез-келген бала үшін блокбастерден гөрі әлдеқайда пайдалы, - дейді Надежда Каранчук.
"Жібек жолы бойымен" атты VII Қазақстандық халықаралық кітап және полиграфия көрмесінің негізгі ұйымдастырушысы - Қазақстандағы баспагерлер және кітап таратушылар қауымдастығы.
Көрме сәуірдің 13-іне дейін жалғасады.