Accessibility links

АЭС апаты зардабын жоюға қатысқандар қазақстандықтар

Чернобыль апатының 30 жылдығына Алматыдағы орталық музейде өткен жиынға қатысушылар. Алматы, 25 сәуір 2016 жыл.
Чернобыль апатының 30 жылдығына Алматыдағы орталық музейде өткен жиынға қатысушылар. Алматы, 25 сәуір 2016 жыл.

30 жыл бұрын Чернобыль АЭС-індегі апаттан кейін ол маңды залалсыздандыруға барған азаматтардың арасында қазақстандықтар да көп болды. Олардың кейбірі денсаулықтарынан айырылса да, өтемақы алмағандарын айтады.

Алматы облысының Іле ауданында тұратын Әбдіғали Ақпаев – 1986 жылы сәуірдің 26-сында Украинадағы Чернобыль АЭС-інде болған апаттан соң ол өңірді залалсыздандыру жұмысына жегілген жүздеген мың азаматтың бірі.

Чернобыль апаты
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:36 0:00
Жүктеп алу

Жоғарғы оқу орнында «инженер-техник» мамандығы бойынша оқып жүрген Әбдіғали Ақпаевты 1985 жылы үшінші курсты бітірген соң армия қатарына шақырып, Украинаның Чернигов облысына қарасты Гончаров қалашығына апарған.

- Әскери техникаларды жөндеу батальонында жөндеуші болып жүрген едім. 1986 жылы 26 сәуірде жарылыс болды. 12 мамырда ротадан төрт жігітті жарылыс болған аумақтан 12 шақырым қашықтықта орналасқан пионер лагеріне алып барды, – дейді Әбдіғали Ақпаев.

Әбдіғали Ақпаев апат орнын залалсыздандыруға келген әскерлер мен азаматтық белсенділерді ол маңға әуелі қарапайым автобуспен тасығанын еске алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: 30 жылдан кейінгі Чернобыль:

30 жылдан кейінгі Чернобыль

Апат болған Чернобыль атом электр станциясының (АЭС) 30 жылдан кейінгі көрінісі.
1/14 Апат болған Чернобыль атом электр станциясының (АЭС) 30 жылдан кейінгі көрінісі.
Апат болған Чернобыльге ақшаға бола келген бұрынғы милиционер бостандыққа жеткенін айтады. Ол жердегі бүгінгі тіршілікті Азаттықтың фотогалереясынан көріңіз.
Апат болған ядролық реакторға жақын маңдағы иен қалған қалалар мен селоларға қазір туристер келіп, ол маңды суретке түсіреді.
2/14 Апат болған ядролық реакторға жақын маңдағы иен қалған қалалар мен селоларға қазір туристер келіп, ол маңды суретке түсіреді.
Апат болған Чернобыльге ақшаға бола келген бұрынғы милиционер бостандыққа жеткенін айтады. Ол жердегі бүгінгі тіршілікті Азаттықтың фотогалереясынан көріңіз.
Чернобыльдегі жолбасшы Владимир Егоровтың айтуынша, шашылып жатқан бұл газтұтқыны қуыршаққа апаттың қорқынышты кейпін суреттегісі келген бір "суретші" кигізіп кеткен.
3/14 Чернобыльдегі жолбасшы Владимир Егоровтың айтуынша, шашылып жатқан бұл газтұтқыны қуыршаққа апаттың қорқынышты кейпін суреттегісі келген бір "суретші" кигізіп кеткен.
Апат болған Чернобыльге ақшаға бола келген бұрынғы милиционер бостандыққа жеткенін айтады. Ол жердегі бүгінгі тіршілікті Азаттықтың фотогалереясынан көріңіз.
Иен қалған балалар лагерінің қаңқасы.
4/14 Иен қалған балалар лагерінің қаңқасы.
Апат болған Чернобыльге ақшаға бола келген бұрынғы милиционер бостандыққа жеткенін айтады. Ол жердегі бүгінгі тіршілікті Азаттықтың фотогалереясынан көріңіз.
Бұл үйде Чернобыльге апат болған соң қоныстанған 160 адамның бірі Василий Сокиренко тұрады.
5/14 Бұл үйде Чернобыльге апат болған соң қоныстанған 160 адамның бірі Василий Сокиренко тұрады.
Апат болған Чернобыльге ақшаға бола келген бұрынғы милиционер бостандыққа жеткенін айтады. Ол жердегі бүгінгі тіршілікті Азаттықтың фотогалереясынан көріңіз.
Бұрынғы милиционер Василий Сокиренко Чернобыльге әуелі 1990 жылы келген. Ол мұндағы екі есе көп айлыққа қызыққан.
6/14 Бұрынғы милиционер Василий Сокиренко Чернобыльге әуелі 1990 жылы келген. Ол мұндағы екі есе көп айлыққа қызыққан.
Апат болған Чернобыльге ақшаға бола келген бұрынғы милиционер бостандыққа жеткенін айтады. Ол жердегі бүгінгі тіршілікті Азаттықтың фотогалереясынан көріңіз.
"Бесінші қабаттағы пәтерде көшенің шуын естіп отырдым" дейді Василий Сокиренко. Ол "ішу мен теледидар көруден өзге жұмысы болмаған соң" Чернобыльге қайтып келгенін, содан кете алмағанын айтады.
7/14 "Бесінші қабаттағы пәтерде көшенің шуын естіп отырдым" дейді Василий Сокиренко. Ол "ішу мен теледидар көруден өзге жұмысы болмаған соң" Чернобыльге қайтып келгенін, содан кете алмағанын айтады.
Апат болған Чернобыльге ақшаға бола келген бұрынғы милиционер бостандыққа жеткенін айтады. Ол жердегі бүгінгі тіршілікті Азаттықтың фотогалереясынан көріңіз.
Ол қаладағы таныстары мен биліктегі адамдардың арқасында бұл жерге оралуға рұқсат алған. Бірақ қазіргі тұрып жатқан үйі өзінікі болмаған.
8/14 Ол қаладағы таныстары мен биліктегі адамдардың арқасында бұл жерге оралуға рұқсат алған. Бірақ қазіргі тұрып жатқан үйі өзінікі болмаған.
Апат болған Чернобыльге ақшаға бола келген бұрынғы милиционер бостандыққа жеткенін айтады. Ол жердегі бүгінгі тіршілікті Азаттықтың фотогалереясынан көріңіз.
Василий Сокиренко иесіз қалған үйлерді аралап жүріп, көкөніс пен гүл егетін және ара бағатын ауқымды жері бар осы үйді таңдаған.
9/14 Василий Сокиренко иесіз қалған үйлерді аралап жүріп, көкөніс пен гүл егетін және ара бағатын ауқымды жері бар осы үйді таңдаған.
Апат болған Чернобыльге ақшаға бола келген бұрынғы милиционер бостандыққа жеткенін айтады. Ол жердегі бүгінгі тіршілікті Азаттықтың фотогалереясынан көріңіз.
Василий үйдің қазір Қырымда тұратын иелері бірде ескі қоныстарын көруге келгенін айтады. "Ешбір дау-дамай болған жоқ. Олар керісінше менің тұрып жатқаныма қуанды" дейді Василий. Өзі болмаса, үйдің бұған дейін қирап қаларын айтқан ол омартасын тексеріп жүр.
10/14 Василий үйдің қазір Қырымда тұратын иелері бірде ескі қоныстарын көруге келгенін айтады. "Ешбір дау-дамай болған жоқ. Олар керісінше менің тұрып жатқаныма қуанды" дейді Василий. Өзі болмаса, үйдің бұған дейін қирап қаларын айтқан ол омартасын тексеріп жүр.
Апат болған Чернобыльге ақшаға бола келген бұрынғы милиционер бостандыққа жеткенін айтады. Ол жердегі бүгінгі тіршілікті Азаттықтың фотогалереясынан көріңіз.
Василий радиация туралы ойлай бермейді. "Аумақты тексердік, бәрі таза. Жеген нәрсемді тексеремін, бір дұрыс" дейді ол.
11/14 Василий радиация туралы ойлай бермейді. "Аумақты тексердік, бәрі таза. Жеген нәрсемді тексеремін, бір дұрыс" дейді ол.
Апат болған Чернобыльге ақшаға бола келген бұрынғы милиционер бостандыққа жеткенін айтады. Ол жердегі бүгінгі тіршілікті Азаттықтың фотогалереясынан көріңіз.
Бірақ оның даладағы ваннада өсірген балығын тексеретін ештеңе жоқ.
12/14 Бірақ оның даладағы ваннада өсірген балығын тексеретін ештеңе жоқ.
Апат болған Чернобыльге ақшаға бола келген бұрынғы милиционер бостандыққа жеткенін айтады. Ол жердегі бүгінгі тіршілікті Азаттықтың фотогалереясынан көріңіз.
"Мен мұнда еркінмін. Жаз шыға бақша гүлдеп, менің бұл жерге не үшін оралғаным айдан анық болады" дейді Василий. Біз онымен қоштасып, апат аймағынан кетер кезге дейін оның бұл сөзі нанымды естіледі.
13/14 "Мен мұнда еркінмін. Жаз шыға бақша гүлдеп, менің бұл жерге не үшін оралғаным айдан анық болады" дейді Василий. Біз онымен қоштасып, апат аймағынан кетер кезге дейін оның бұл сөзі нанымды естіледі.
Апат болған Чернобыльге ақшаға бола келген бұрынғы милиционер бостандыққа жеткенін айтады. Ол жердегі бүгінгі тіршілікті Азаттықтың фотогалереясынан көріңіз.
Чернобыльге келген әр адамның қорқатын сәті - осы. Жолбасшы Дмитрий Кольчинскийді (сол жақта) радиация жұқтырған-жұқтырмағанын тексерген кезде дабыл белгісі қосылды. Жыпылықтап тұрған қызыл шам оның кеуде тұсында радиация барын хабарлады. Ол кеудесіне таққан белгіні шешіп тастап еді, дабыл да тыйылды. Бірақ Дмитрий үрейленіп, қайтар жолда әйеліне телефон соғып, "жаңа киім дайындап қойшы, баламның жанында мұндай нәрсе болмасын" деді. Василий сияқты адамдар қаншама қауіпсіз деп иландырып бақса да, Чернобыль радиациядан әлі айықпаған.
14/14 Чернобыльге келген әр адамның қорқатын сәті - осы. Жолбасшы Дмитрий Кольчинскийді (сол жақта) радиация жұқтырған-жұқтырмағанын тексерген кезде дабыл белгісі қосылды. Жыпылықтап тұрған қызыл шам оның кеуде тұсында радиация барын хабарлады. Ол кеудесіне таққан белгіні шешіп тастап еді, дабыл да тыйылды. Бірақ Дмитрий үрейленіп, қайтар жолда әйеліне телефон соғып, "жаңа киім дайындап қойшы, баламның жанында мұндай нәрсе болмасын" деді. Василий сияқты адамдар қаншама қауіпсіз деп иландырып бақса да, Чернобыль радиациядан әлі айықпаған.
Апат болған Чернобыльге ақшаға бола келген бұрынғы милиционер бостандыққа жеткенін айтады. Ол жердегі бүгінгі тіршілікті Азаттықтың фотогалереясынан көріңіз.
Previous slide
Next slide

- Апат аймағында әр адам күніне екі сағат қана жұмыс істейтін. Кейін ғана жабдықталған әскер техникаларды пайдалана бастады. АЭС-тен тараған радиацияның таралу аймағының жоғарғы деңгейінің диаметрі 30 шақырым деп есептелді. Сонда бізді радиацияның ішіне апарып тастапты, – дейді ол.

Әбдіғали Ақпаев Чернобыль апаты аймағында 14 мамырдан 26 маусымға дейін 40 күндей жұмыс істеген. Ол қазір соның кесірінен екінші топ мүгедегі болғанын, соңғы 15 жылдан бері құлағы үздіксіз шыңылдап тұратынын, тез шаршап, үнемі басы ауыратынын айтады.

«ЕШҚАНДАЙ ЖЕҢІЛДІК НЕ ӨТЕМАҚЫ АЛҒАН ЖОҚПЫН»

Чернобыль АЭС-індегі апаттан кейін ол маңды залалсыздандыруға барған азаматтың енді бірі – Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылында тұратын Берік Қылышбаев. Ол жарылыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына 1 жыл 4 ай қатысқан.

Чернобыль апаты зардабын жоюшылар. Семей, 26 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Чернобыль апаты зардабын жоюшылар. Семей, 26 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

- 1986 жылы Харьков қаласына әскерге бардым. 1987 жылы 1 қаңтарда Чернобыльге жіберді. Жарылыс болған аймаққа тақау орналасқан ауыл бар екен. Апаттан кейін тұрғындарын басқа жаққа түгелдей көшіріп жіберіпті. Біз сол ауылға тұрғындардың қайтып келмеуін бақылап, күзетте болдық, – дейді Берік Қылышбаев.

Ол Чернобыльде өзімен бірге болған азаматтардың көбінің шашы мен тісі түсіп қалғанын, өзінің де шашы түсіп жатқанын айтады.

- Бұл радиацияның салдары болар. Бірақ [Чернобыльдегі апат орнын залалсыздандыруға қатысқаным үшін] ешқандай жеңілдік немесе өтемақы алмаймын, – дейді Берік Қылышбаев.

«АЙЫНА 40 МЫҢ ТЕҢГЕ АЛАМЫН»

Чернобыль АЭС-інде болған жарылыстан кейін ол маңға барған қазақстандықтардың енді бірі – қазір Алматыда тұратын Берік Садықов. Оны Чернобыльге 1989 жылы әскер қатарында жүргенде апарған.

- АЭС-тің жарылған төртінші бөлігін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылардың станцияға кіріп-шығуын қадағалап тұрдық. 10 айдан кейін станцияны жауып, бізді Новосибирскіге жіберді, – дейді ол.

Берік Садықов үшінші топтағы мүгедектігіне байланысты зейнетке шығып, қазір айына 40 мың шамасында ақша алатынын айтады.

Чернобыль апаты зардабын жою жұмыстарына қатысқан Берік Садықов. Алматы, 25 сәуір 2016 жыл.
Чернобыль апаты зардабын жою жұмыстарына қатысқан Берік Садықов. Алматы, 25 сәуір 2016 жыл.

- Мүгедек екендігімізді дәлелдеу үшін жыл сайын медициналық тексеруден өтеміз. Қазір жұмыссызбын. Тіпті көлік жүргізуге де жарамаймын, – дейді ол.

Чернобыль ардагерлері ұйымының жетекшісі Рахым Зайытбекұлының айтуынша, апатты залалсыздандыру жұмысына Қазақстаннан 31 мың 743 адам барған.

- Оның ішінде Алматыдан 5 мың 118 адам аттанған екен. Қазір соның 350-інің ғана көзі тірі. Чернобыль апатынан зардап шегушілердің соғыс мүгедектеріне арналған госпиталда тегін емделуге, қаралуға мүмкіндіктері бар. Чернобыль апаты кесірінен болған мүгедектігі үшін ай сайын 35 мың теңге жәрдемақы алады, – дейді Рахым Зайытбекұлы.

1986 жылы сәуірдің 26-сында Чернобыль АЭС-індегі төрт ядролық реактордың бірі жарылып, аса ірі ядролық апат болды. Бұдан кейін АЭС-тен радиусы 30 километр аумақта халық басқа жерлерге көшірілген. Апаттан соң Украинаның ауқымды жері және Ресейдің Брянск пен Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. Апаттан кейін СССР-дің әр аймағынан 600 мыңдай адам – қарапайым азаматтар, резервистер мен әскери қызметкер жинап, оларды апаттың зардабын жоюға апарған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Чернобыль инженерлері. 30 жылдан соң:

ЧАЭС инженерлері. 30 жылдан соң

Александр Черанев 30 жылдан кейін өзі бұрын аға инженер болып жұмыс істеген турбинаны басқару пультіне бірінші рет бас сұқты. 1986 жылы 26 сәуір күні оны үйінен станцияға таңғы сағат бесте шақырған. "Есіме түсіргім келмейді. Сол күні апат зардабын жоюға кіріскенімізді емес, кейіннен достарымыздың өле бастағанын есіме алғым келмейді" дейді ол. 
1/13 Александр Черанев 30 жылдан кейін өзі бұрын аға инженер болып жұмыс істеген турбинаны басқару пультіне бірінші рет бас сұқты. 1986 жылы 26 сәуір күні оны үйінен станцияға таңғы сағат бесте шақырған. "Есіме түсіргім келмейді. Сол күні апат зардабын жоюға кіріскенімізді емес, кейіннен достарымыздың өле бастағанын есіме алғым келмейді" дейді ол. 
1986 жылы 26 сәуірге ауған түні болған апаттың зардабын жоюға қатысқан Чернобыль АЭС-інің үш инженері 30 жыл өткен соң станцияға оралды.
Чернобыль АЭС-інің "алтын дәлізі". Бұл дәліз барлық блоктарды, соның ішінде жарылған 4-бөлімді де басқа блоктармен жалғайды.
2/13 Чернобыль АЭС-інің "алтын дәлізі". Бұл дәліз барлық блоктарды, соның ішінде жарылған 4-бөлімді де басқа блоктармен жалғайды.
1986 жылы 26 сәуірге ауған түні болған апаттың зардабын жоюға қатысқан Чернобыль АЭС-інің үш инженері 30 жыл өткен соң станцияға оралды.
3-блокты (БЩУ-3) басқару тақтасы.
3/13 3-блокты (БЩУ-3) басқару тақтасы.
1986 жылы 26 сәуірге ауған түні болған апаттың зардабын жоюға қатысқан Чернобыль АЭС-інің үш инженері 30 жыл өткен соң станцияға оралды.
Блок 2000 жылы толық тоқтатылған, сондықтан мұндағы жабдықтардың көбі өшіп тұр. 
4/13 Блок 2000 жылы толық тоқтатылған, сондықтан мұндағы жабдықтардың көбі өшіп тұр. 
1986 жылы 26 сәуірге ауған түні болған апаттың зардабын жоюға қатысқан Чернобыль АЭС-інің үш инженері 30 жыл өткен соң станцияға оралды.
Сельсиндер. Бұл құралдар "жұтушы діңгектердің" белсенді зонаға қаншалықты терең батырылғанын көрседі. Олар - реакторды басқару кезінде негізгі қызметті атқаратын құрылғының бірі.  
5/13 Сельсиндер. Бұл құралдар "жұтушы діңгектердің" белсенді зонаға қаншалықты терең батырылғанын көрседі. Олар - реакторды басқару кезінде негізгі қызметті атқаратын құрылғының бірі.  
1986 жылы 26 сәуірге ауған түні болған апаттың зардабын жоюға қатысқан Чернобыль АЭС-інің үш инженері 30 жыл өткен соң станцияға оралды.
РБМК реакторы "діңгектерінің" орналасу реті жарылысқа себеп болған.  
6/13 РБМК реакторы "діңгектерінің" орналасу реті жарылысқа себеп болған.  
1986 жылы 26 сәуірге ауған түні болған апаттың зардабын жоюға қатысқан Чернобыль АЭС-інің үш инженері 30 жыл өткен соң станцияға оралды.
Алексей Бреус апаттан соң блокты басқаратын таңғы ауысымның аға инженері болған. "Атомшылар үлкен жұмыс атқарды. Сутегі жарылысын болдырмау үшін жабдықтағы тетіктерді бұрау керек еді. Сол жұмысты атқарған оператор қаза тапты" дейді ол.
7/13 Алексей Бреус апаттан соң блокты басқаратын таңғы ауысымның аға инженері болған. "Атомшылар үлкен жұмыс атқарды. Сутегі жарылысын болдырмау үшін жабдықтағы тетіктерді бұрау керек еді. Сол жұмысты атқарған оператор қаза тапты" дейді ол.
1986 жылы 26 сәуірге ауған түні болған апаттың зардабын жоюға қатысқан Чернобыль АЭС-інің үш инженері 30 жыл өткен соң станцияға оралды.
Александр Черанев "көп нәрсені ұмытып қалыппын" дейді.
8/13 Александр Черанев "көп нәрсені ұмытып қалыппын" дейді.
1986 жылы 26 сәуірге ауған түні болған апаттың зардабын жоюға қатысқан Чернобыль АЭС-інің үш инженері 30 жыл өткен соң станцияға оралды.
Ауысым басшысы отыратын жердегі блоктардағы жұмысты бақылауға мүмкіндік беретін монитор.
9/13 Ауысым басшысы отыратын жердегі блоктардағы жұмысты бақылауға мүмкіндік беретін монитор.
1986 жылы 26 сәуірге ауған түні болған апаттың зардабын жоюға қатысқан Чернобыль АЭС-інің үш инженері 30 жыл өткен соң станцияға оралды.
Аркадий Усков Чернобыль АЭС-інің 1-блогында жұмыс істеген. Бірақ оны түнде жарылған 4-блок қызметкерлеріне көмекке шақырған. Ол реакторға су айдайтын құбырларды өз қолымен ашқан. "Алдымда үңірейген шыңырау жатқандай болды, будың ысылдаған қысымы білінді, тіктеп қарауға жан шыдамайтын жағдай, бірақ тастап тағы кете алмайсың" дейді ол.
10/13 Аркадий Усков Чернобыль АЭС-інің 1-блогында жұмыс істеген. Бірақ оны түнде жарылған 4-блок қызметкерлеріне көмекке шақырған. Ол реакторға су айдайтын құбырларды өз қолымен ашқан. "Алдымда үңірейген шыңырау жатқандай болды, будың ысылдаған қысымы білінді, тіктеп қарауға жан шыдамайтын жағдай, бірақ тастап тағы кете алмайсың" дейді ол.
1986 жылы 26 сәуірге ауған түні болған апаттың зардабын жоюға қатысқан Чернобыль АЭС-інің үш инженері 30 жыл өткен соң станцияға оралды.
Блокты басқаратын аға инженердің жұмыс орны.  
11/13 Блокты басқаратын аға инженердің жұмыс орны.  
1986 жылы 26 сәуірге ауған түні болған апаттың зардабын жоюға қатысқан Чернобыль АЭС-інің үш инженері 30 жыл өткен соң станцияға оралды.
Блокты басқаратын аға инженердің жұмыс орнында тұрған, қызметкерлермен хабарласатын телефон.
12/13 Блокты басқаратын аға инженердің жұмыс орнында тұрған, қызметкерлермен хабарласатын телефон.
1986 жылы 26 сәуірге ауған түні болған апаттың зардабын жоюға қатысқан Чернобыль АЭС-інің үш инженері 30 жыл өткен соң станцияға оралды.
"Соңғы түймені мен 26 сәуір күні кешкі сағат 16:00-де бастым. Ол 4-блоктағы оператор басқан ең соңғы кнопка болды".
13/13 "Соңғы түймені мен 26 сәуір күні кешкі сағат 16:00-де бастым. Ол 4-блоктағы оператор басқан ең соңғы кнопка болды".
1986 жылы 26 сәуірге ауған түні болған апаттың зардабын жоюға қатысқан Чернобыль АЭС-інің үш инженері 30 жыл өткен соң станцияға оралды.
Previous slide
Next slide

Айдар
XS
SM
MD
LG