Алматыда Республика алаңы маңында полиция жаппай ұстаған адамдарды көлікке салып қаланың әр аймағындағы полиция бөлімдеріне алып барды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде 21 мамырда «жер мәселесіне» қатысты митинг болуы мүмкін деп хабарланған Республика алаңын бүгін таңертеңнен қоршауға алған полиция алаңға ешкімді өткізбеді. Бұл күні Алматы, Атырау, Астана, Орал мен Шымкентте Азаттықтың сегіз журналисін полиция ұстап әкетіп, біршама уақыттан соң босатқан.
21 мамырдағы жаппай ұстау

1
Полиция Республика алаңына адамдарды өткізбей тұр. 21 мамыр 2016 жыл.

2
Республика алаңына бармақшы болған адамдардың жолын полиция бөгеді. 21 мамыр 2016 жыл.

3
Көп ұзамай полиция Республика алаңына өтпекші болған адамдарды жаппай ұстай бастады. 21 мамыр 2016 жыл.

4
Республика алаңы маңына келгендердің арасында белсенділер, қарапайым азаматтар мен журналистер болды. 21 мамыр 2016 жыл.

5
Полиция алаңға өтуге тырысқандарды ол жерден қуалап, шетінен ұстай бастады.

6
Астанада полиция Бәйтерек ескерткіші жанынан ұстаған Азаттық тілшілері Мәди Бекмағамбет (оң жақта) пен Ержан Әмірхановты Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасына апарып, бірнеше сағат ұстады.

7
Алматының Абай көшесі бойында полиция ұстаған Азаттық тілшісі Нұртай Лаханұлы полиция көлігінде отыр. 21 мамыр 2016 жыл.

8
"Сарыарқа" кинотеатры маңында полиция ұстап әкеткен Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлы (оң жақта) Әуезов аудандық полиция бөлімінде. Алматы, 21 мамыр 2016 жыл.

9
Атырауда орталық алаң маңына келген адамдарды полиция тоқтатып тұр.

10
Атырау полициясы орталық алаң маңынан ұсталған адамдарды полиция бөліміне алып барды. Азаттықтың Атыраудағы тілшісі Сәния Тойкенді бұл күні полиция екі рет ұстап, кейін босатты.

11
Астана орталығында ұсталған адамдар полиция көлігінде отыр.