Accessibility links

Азиадада алтыннан үміткер Сметов жарақат алып қалды

Елдос Сметовтің Индонезия балуанын жеңген сәт. Джакарта, 29 тамыз 2018 жыл. (Сурет авторы - Данияр Майлыбаев/olympic.kz).
Елдос Сметовтің Индонезия балуанын жеңген сәт. Джакарта, 29 тамыз 2018 жыл. (Сурет авторы - Данияр Майлыбаев/olympic.kz).

Дзюдошы Елдос Сметовті екінші белдесуден кейін Джакартадағы ауруханалардың біріне алып кетті.

Сметов алғашқы кездесуінде Индонезия балуаны Мохаммед Лювисті бір минутқа жеткізбей, таза жеңген. Ал екінші белдесуінде Ан Джаенгпен (Cолтүстік Корея) кездесті. Екі балуан бес минут бойы бір-біріне әдіс қолдана алмады. Кейін кездесу Golden Score (бірінші әдіс жасап ұпай алған балуан жеңіске жетеді) кезеңіне ұласты. Қарсыластар бұл кезеңде де үш минут бойы бір-бірінің осал тұсын таба алмай жүрді.

Кейін Солтүстік Корея балуаны Сметовты жағасынан алып иығынан асырған. Бірақ Сметов арқасын татамиге тигізбеу үшін (балуанның арқасы татамиге тисе ұпай беріледі) жанталаса кері айналды. Осы сәттен кейін Сметов оң қабырғасын ұстап татамиде жатып қалды. Қазақстан балуаны орнынан тұрып, кездесуді жалғастырмақ болған. Бірақ еш нәтиже шықпады. Жеңіс Солтүстік Корея балуанынан берілді. Сметов қос бапкеріне сүйеніп, залдан шығып кетті. Қазақстан балуаны қола медаль үшін өткен белдесуге шыққан жоқ. Жеңіс Қытай балуаны Ю Чангке берілді.

Кейін Қазақстан дзюдо құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов Азаттық тілшісіне “Сметовті аураханаға алып кетті. Ол қабырғасын сындырып алған сияқты” деді.

Ал Қазақстан дзюдо құрамасының дәрігері Наталья Кудашова Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне: “Жедел жәрдем Елдосты Джакартадағы ауруханалардың біріне алып кетті. Рентгенге түсіреді. Оң қабырғасын сындырып алған деген күдік бар” деген.

Бірнеше сағаттан кейін Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз хатшысы Әйгерім Тоқсанбек Азаттыққа: "Дәрігерлер тексерді. Елдостың жағдайы бірқалыпты. Қабырғасы сынбаған. Қазір атлеттер қалашығында жатыр. Дәрігерлер бақылауында" деді.

Елдос Сметов – 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында 60 келіде алтын жүлдеге ие болған. 2015 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен. Рио олимпиадасының күміс жүлдегері.

Қазақстан дзюдо құрамасы биылғы Азия ойындарында екі алтын алуды жоспарлаған. Сметов Джакартадағы жарыста 60 келіде негізгі фавориттердің бірі болған.

ОТГОНЦЭЦЭГ ПЕН ЖҰМАҚАНОВ - ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР

Қазақстанға Моңғолиядан келген легионер Галбадрах Отгонцэцэг әйелдер арасында 48 келіде қола медальға ие болды. Ол алғашқы белдесуінде Ю Сун Джонды (Солтүстік Корея) жеңген. Бірақ жартылай финалда жапон Ами Кондодан таза жеңілді. Қазақстан балуаны қола жүлде үшін өткен кездеуде Яао Сиюді (Қытай) жеңді.

Отгонцэцэг 2016 жылы Рио олимпиадасының ширек финалында Ами Кондодан жеңілген. Рио ойындарында Кондо күміс, Отгонцэцэг қола медальға ие болған.

Отгонцэцэг (көк формада) Азия ойындарының қола медалі үшін күресіп жатқан сәт. Джакарта, 29 тамыз 2018 жыл.
Отгонцэцэг (көк формада) Азия ойындарының қола медалі үшін күресіп жатқан сәт. Джакарта, 29 тамыз 2018 жыл.

Ерлер арасында 66 келіде қазақстандық балуан Елдос Жұмақанов та үшінші орын алды. Ол жартылай финалда Жапония спортшысы Иошира Маруямиден таза ("иппон") жеңілді. Жапон балуаны Жұмақановтың оң қолын тартып жатып алды. Қолы ауырып кеткен Қазақстан балуаны сол қолымен татамиді соғып, жеңілгенін мойындады.

Жұмақанов қола медальға таласта Аюи әл-Идрисимен (Катар) күресіп, иппон әдісімен жеңді.

Елдос Жұмақанов (оң жақта) марапаттау рәсімінде тұр. Джакарта, 29 тамыз 2018 жыл.
Елдос Жұмақанов (оң жақта) марапаттау рәсімінде тұр. Джакарта, 29 тамыз 2018 жыл.

Қазір Қазақстан 7 алтын, 9 күміс, 33 қоламен жалпы есепте 12-орында келеді. Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Азаттық тілшісі Джакартадан арнайы жаңалық таратып отыр. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

Қазақстанның 15 алтыны

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы финалда Жапонияны 8:7 есебімен жеңіп, жетінші рет Азия чемпионы атанды. Финалда Қазақстан құрамасы 2:7 есебімен жеңіліп жатқан.

1 қыркүйек 2018 жыл.
1/15 Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы финалда Жапонияны 8:7 есебімен жеңіп, жетінші рет Азия чемпионы атанды. Финалда Қазақстан құрамасы 2:7 есебімен жеңіліп жатқан.
1 қыркүйек 2018 жыл.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола иеленді. Бұл жарыста чемпион атанған қазақстандық спортшылармен таныс болыңыз.
Самбодан әйелдер арасында Ділдәш Құрышова Азия ойындарында 68 келіде жеңіске жетті. 1 қыркүйек 2018 жыл.
2/15 Самбодан әйелдер арасында Ділдәш Құрышова Азия ойындарында 68 келіде жеңіске жетті. 1 қыркүйек 2018 жыл.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола иеленді. Бұл жарыста чемпион атанған қазақстандық спортшылармен таныс болыңыз.
Байдарка қайықпен 200 метрге жарысуда Инна Клинова Азия ойындарының чемпионы атанды. 1 қыркүйек 2018 жыл.
3/15 Байдарка қайықпен 200 метрге жарысуда Инна Клинова Азия ойындарының чемпионы атанды. 1 қыркүйек 2018 жыл.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола иеленді. Бұл жарыста чемпион атанған қазақстандық спортшылармен таныс болыңыз.
Бағлан Ибрагим самбодан 52 келі салмақта алтын жүлде иеленді. 31 тамыз 2018 жыл.
4/15 Бағлан Ибрагим самбодан 52 келі салмақта алтын жүлде иеленді. 31 тамыз 2018 жыл.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола иеленді. Бұл жарыста чемпион атанған қазақстандық спортшылармен таныс болыңыз.
Жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Джакартада алтын жүлдеге ие болды. Рыпакова төрт Азиадада қатар чемпион атанды. 30 тамыз 2018 жыл.
5/15 Жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Джакартада алтын жүлдеге ие болды. Рыпакова төрт Азиадада қатар чемпион атанды. 30 тамыз 2018 жыл.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола иеленді. Бұл жарыста чемпион атанған қазақстандық спортшылармен таныс болыңыз.
Дидар Хамза - дзюдодар ерлер арасында 81 келіде Азия ойындарының чемпионы.
6/15 Дидар Хамза - дзюдодар ерлер арасында 81 келіде Азия ойындарының чемпионы.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола иеленді. Бұл жарыста чемпион атанған қазақстандық спортшылармен таныс болыңыз.
Каноэ есуден 500 метрге төрт адамдық қайықпен жарыста Қазақстан құрамасы (Илья Голендов, Алексей Дергунов, Сергей Токаницкий, Евгений Алексеев) Азия ойындарының чемпионы атанды. Палембанг, 30 тамыз 2018 жыл.
7/15 Каноэ есуден 500 метрге төрт адамдық қайықпен жарыста Қазақстан құрамасы (Илья Голендов, Алексей Дергунов, Сергей Токаницкий, Евгений Алексеев) Азия ойындарының чемпионы атанды. Палембанг, 30 тамыз 2018 жыл.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола иеленді. Бұл жарыста чемпион атанған қазақстандық спортшылармен таныс болыңыз.
Алина Әділханова көркем гимнастикадан жекелей сында алтын жүлдеге ие болды. 28 тамыз 2018 жыл.
8/15 Алина Әділханова көркем гимнастикадан жекелей сында алтын жүлдеге ие болды. 28 тамыз 2018 жыл.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола иеленді. Бұл жарыста чемпион атанған қазақстандық спортшылармен таныс болыңыз.
Қазақстан көркем гимнастика құрамасы (Алина Әділханова, Адиля Тілекенова, Даяна Әбдірбекова) командалық жарыста чемпион атанды. 27 тамыз 2018 жыл.
9/15 Қазақстан көркем гимнастика құрамасы (Алина Әділханова, Адиля Тілекенова, Даяна Әбдірбекова) командалық жарыста чемпион атанды. 27 тамыз 2018 жыл.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола иеленді. Бұл жарыста чемпион атанған қазақстандық спортшылармен таныс болыңыз.
Каратэден әйелдер арасында 68 келі салмақта Гузалия Гафурова алтын жүлдеге ие болды. 27 тамыз 2018 жыл.
10/15 Каратэден әйелдер арасында 68 келі салмақта Гузалия Гафурова алтын жүлдеге ие болды. 27 тамыз 2018 жыл.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола иеленді. Бұл жарыста чемпион атанған қазақстандық спортшылармен таныс болыңыз.
Руслан Исраилов джиу-джитсудан ерлер арасында 77 келі салмақта Азиада чемпионы атанды. 26 тамыз 2018 жыл.
11/15 Руслан Исраилов джиу-джитсудан ерлер арасында 77 келі салмақта Азиада чемпионы атанды. 26 тамыз 2018 жыл.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола иеленді. Бұл жарыста чемпион атанған қазақстандық спортшылармен таныс болыңыз.
Дархан Нортаев (ақ формада) джи-джитсудан ерлер арасында 62 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда Омар әл-Фадлиді (БАӘ) жеңді.
12/15 Дархан Нортаев (ақ формада) джи-джитсудан ерлер арасында 62 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда Омар әл-Фадлиді (БАӘ) жеңді.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола иеленді. Бұл жарыста чемпион атанған қазақстандық спортшылармен таныс болыңыз.
Алексей Луценко жекелей жарыста да жеңіске жетіп, Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.
13/15 Алексей Луценко жекелей жарыста да жеңіске жетіп, Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола иеленді. Бұл жарыста чемпион атанған қазақстандық спортшылармен таныс болыңыз.
Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Алексей Луценко (ортада) велоспорттан топтық жарыста чемпион атанды.
14/15 Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Алексей Луценко (ортада) велоспорттан топтық жарыста чемпион атанды.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола иеленді. Бұл жарыста чемпион атанған қазақстандық спортшылармен таныс болыңыз.
Семсерлесудің шпага түрінен Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл - Қазақстанның Джакартадағы алғашқы алтыны. 19 тамыз 2018 жыл.
15/15 Семсерлесудің шпага түрінен Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл - Қазақстанның Джакартадағы алғашқы алтыны. 19 тамыз 2018 жыл.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола иеленді. Бұл жарыста чемпион атанған қазақстандық спортшылармен таныс болыңыз.
Previous slide
Next slide

Айдар
XS
SM
MD
LG