Accessibility links

Ақтөбе облысында аударылған автобус


Ақтөбе облысында аударылған автобус
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:53 0:00

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында Өзбекстан азаматтары мінген жолаушы автобусы аударылып, бірнеше адам жараланды. Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің 26 ақпан күні хабарлауынша, жол апаты 25 ақпан күні сағат 20:40 шамасында Хромтау ауданының Жазық ауылы тұсында «Самара – Шымкент» жолында болған. Хромтау аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Людмила Волненконың Азаттық тілшісіне айтуынша, жол апатынан соң ауруханаға тоғыз адам, оның ішінде үш әйел жеткізілген. Зардап шеккендер негізінен жеңіл жарақат алған. Зардап шеккендердің ең кішісі 1997 жылы, ең үлкені 1961 жылы туған. Миы шайқалды делінген бір әйел ауруханаға жатудан бас тартқан. Тиісті ем-дом жасалған соң олар Өзбекстанға кері қайтып кеткен. 25 ақпан. Ақтөбе облысы.

XS
SM
MD
LG