Ресейдің Кемерово қаласында "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында болған өрттен қаза тапқандар саны 64 адамға жетті. 25 наурызда болған апаттан елуге жуық адам жарақаттанған.
Кемероводағы өрт

1
"Зимняя вишня" сауда орталығындағы өрт. 25 наурыз 2018 жыл.

2
Сауда орталығындағы өрт 25 наурыз күні күндіз басталған. 26 наурыз күні таңертең өрт толық сөндіріліп, үйінділерді аршу жұмыстары басталған. Өрттен сауда орталығының шатыры ортасына опырылып түскен. 25 наурыз 2018 жыл.

3
Ресей тергеу комитеті құрбандар арасында тоғыз бала барын хабарлады. 25 наурыз 2018 жыл.

4
Өрттен елуге жуық зардап шеккен. Олардың 12-сі ауруханада жатыр. 25 наурыз 2018 жыл.

5
Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз. 25 наурыз 2018 жыл.

6
Қазақстан сыртқы істер министрлігі құрбандар арасында қазақстандықтардың жоқ екенін хабарлады. 25 наурыз 2018 жыл.

7
Өрт сөндіруге ондаған машина жұмылдырылған. 25 наурыз 2018 жыл.

8
Сауда орталығындағы өрт. 25 наурыз 2018 жыл.

9
Сауда орталығының маңында тұрған адамдар. 25 наурыз 2018 жыл.

10
Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрт орнын тазалау жұмыстары. Ресей, 26 наурыз 2018 жыл.

11
Өртенген сауда орталығының терезесінен қарап тұрған өрт сөндірушілер. 26 наурыз 2018 жыл.

12
Қала тұрғындары құрбандарды еске алып жатыр. 25 наурыз 2018 жыл.