Пентагон Украинаға алысқа ұшатын Tomahawk қанатты ракетасын беруді мақұлдады. АҚШ-тың қорғаныс ведомствосы бұл Американың арсеналына ешқандай зиян тигізбейді деген қорытындыға келген. Соңғы шешімді АҚШ президенті Дональд Трамп қабылдайды деп хабарлады Америка мен Еуропаның бірнеше шенеунігіне сүйенген CNN.
Қарашада Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесу кезінде Трамп Украинаға аталған ракетаны беруге ықыласы жоғын білдірген. "Өзіміздің елдің қорғанысына қажет нәрсені бергіміз келмейді" деген еді ол.
Әскерилер Трамп Зеленскиймен кездеспей тұрып Ақ үйге ракета қоры жөнінде мәлімет берген. Мұндай бағалаудан кейін Еуропадағы одақтастардың үміті жанғандай болған деді Еуропадағы шенеуніктер CNN-ге. Сол себепті бірнеше күннен кейін Трамп өзінің ұстанымын күрт өзгертіп, Зеленскиймен кездесу кезінде "бұл ракеталар өзімізге керек" деген кезде Америка мен Еуропаның ресми тұлғалары таңданған.
Ізінше Трамп Зеленскийде жабық кездесу кезінде АҚШ әзірге, Киевке ракета тасымалдай алмайтынын хабарлаған.
Трамп мұндай шешімді Ресей басшысы Владимир Путинмен телефонмен әңгімелескен күннің ертесінде қабылдаған.
Кейінгі апталарда Трамп Путиннің бейбітшілік келісіміне ықылассыздығынан көңілі қалған. Өткен аптада ол ресейлік ірі мұнай компанияларына санкцияны мақұлдап, Будапештегі Путинмен кездесуді шегерді деп еске салды телеарна.