Accessibility links

Иран президенті Түркіменстанға барғанда 283 тұтқын қайтарылды

Иран президенті Хасан Роухани (сол жақта) мен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов
Иран президенті Хасан Роухани (сол жақта) мен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов

Иран президенті Хасан Роухани Әзербайжанға бара жатқан жолында Түркіменстанға аялдады. Тегеран Иранға газ сатуды шектеген Ашғабатпен қатынасты оңдауға тырысады.

2016 жылы желтоқсаннан бастап Түркіменстанның Иранға газ сатуын шектегеннен кейін Тегеран мен Ашғабат бір-бірінің үстінен халықаралық сотқа шағымданатынын мәлімдеген. Арада жылда аса уақыт өткенде, 27 наурыз күні, Әзербайжанға бара жатқан Иран президенті Хасан Роухани жол-жөнекей Түркіменстан астанасы Ашғабатқа аялдап, екі жақты қатынас мәселесін талқылады.

Оқи отырыңыз: Түркіменстанның бейтарап саясатының "жемісі"

ЖАҢА ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ "ЖАҢА ӘРІПТЕСТІК"

Иран жағы бұл ресми сапарды аймақ елдерінде ортақ тойланатын Наурыз мерекесімен байланыстырды. Кездесулерде Иран жаңа жылы басталғанда президент Роуханидың алғашқы сапарын Ашғабаттан бастап отырғаны айтылды. Сапар соңынан Тегеран мен Ашғабат арасында 10-нан астам құжатқа қол қойылды.

Хасан Роухани Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуінде талқылаған мәселелердің ішінде энергетикалық байланыс, көлік-қатынас, логистика және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындауға қатысты жайттар назар аудартады. Орталық Азия және Каспий жағалауы елдері үшін маңызды Каспийдегі бөліс мәселесінде Иран ең аз үлеске ие болып отыр.

Каспий теңізіндегі әзербайжандық мұнай платформасы мен Әзербайжан туы
Каспий теңізіндегі әзербайжандық мұнай платформасы мен Әзербайжан туы

Теңіз жағалауындағы Ресей, Қазақстан мен Әзербайжан өзара келісіп, теңіздің солтүстік бөлігін өзара бөлісіп алғанымен, Түркіменстан мен Әзербайжан арасындағы келіспеушілік және Иранның теңізді теңдей беске бөлу керек деген ұстанымы Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындауға кедергі жасап келген. Жоспар бойынша, биыл Астанада өтететін Каспий жағалауы елдері басшылары басқосуында құқықтық мәртебе туралы конвенцияға қол қойылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Каспий мәртебесін кім қалай қарастырады?

Роуханидың Ашғабатқа сапары кезінде Оңтүстік Азия мен Ресей, Еуропаны байланыстыратын халықаралық "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізінің маңызы және Қазақстан, Түркіменстан, Иран арасын жалғайтын трансұлттық теміржол қатынасын дамыту туралы айтылды. Екі ел Иран президенті "жаңа әріптестік" деп атаған мұнай және газға қатысты Каспий теңізіндегі ынтымақтастықты бастауға да келіскен. Алайда оның қандай мәселелерді қамтитыны әзірге хабарланбаған. Парсы шығанағында мұнай мен газ өндіретін Иран Каспий теңізіндегі кеніштерді игеруді кейінге жылжытып келген болатын.

ҚАМАУДАҒЫ БҮКІЛ ИРАН АЗАМАТЫ БОСАДЫ МА?

Роухани сапарының алдында ғана, 21 наурыз күні Түркіменстан шекарашылары Каспий теңізінде Иран азаматтарына оқ атып, екі адам қаза тауып, тағы екеуін қамауға алған. Түркіменстан ұсталғандарды "контрабандамен" байланыстырса, Иран олардың жай балықшылар екенін айтқан. Соңынан екі ел сыртқы істер министрлігі тараптардан түсінік талап етіп, бір-бір шарпысып алған.

Иранның Түркіменстанмен шекарасындағы бекет
Иранның Түркіменстанмен шекарасындағы бекет

Иранның Гүлістан провинциясына қарасты тарихи түрде "Түркімен сахра" (Түркімен өлкесі) деп аталатын Түркіменстанмен шекаралас аймақ тұрғындарының басым бөлігін түркімендер құрайды. Әдетте "адасып шекара бұзатындардың" арасында гүлістандықтардың да, түркіменстандықтардың да түркіменше аты-жөндері аталып жатады.

Роухани Түркіменстаннан әрі Әзербайжанға сапарлап, Тегеранға оралған 29 наурыз күні Иран-Түркіменстан шекарасында екі ел тұтқын алмасты. Түркіменстан қамаудағы Иранның 283 азаматын Иран заң орындарына табыстаса, Иран да Түркіменстан азаматтарын Ашғабатқа қайтарды. Түркіменстан азаматтарының саны әзірге айтылмады. Алайда ақпарат құралдарының мәліметіне қарағанда, Түркіменстан қамаудағы бүкіл Иран азаматтарын қайтарғанға ұқсайды. Қайтарылғандардың көбі Гүлістан провинциясы тұрғындары және жүргізушілер екені айтылады.

РОУХАНИ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТ

Хасан Роухани билікке келгелі Иран сыртқы саясатында қайшылықты құбылыс байқалды. Ядролық бағдарламаға қатысты Тегеран Батыс елдерімен тікелей келіссөз жасап, мәмілеге барғанымен, аймақ елдерімен байланыс бұрынғы президент Ахмадинежадтың кезіндегі қатынастан да нашарлап кетті. Таяу Шығыста Иранның Сауд Арабиясымен арасы қатты шиеленісе түссе, Орталық Азиядағы (Тәжікстан, Түркіменстан) Иранның құзыры соңғы 10-15 жылмен салыстырғанда айтарлықтай азайды. Орталық Азия мен Кавказды өзінің дәстүрлі ықпал аймағы деп санайтын Иран үшін бұл саяси ұпай жоғалту болып табылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Иран мәдениеті мен өнеріндегі Наурыз бейнесі

Иран мәдениеті мен өнеріндегі Наурыз бейнесі

Көрме Алматыдағы орталық мемлекеттік музей залдарының бірінде өтіп жатыр. Иран қалаларының сәулеті жайлы фотосуреттер көрмеге келушілердің көзіне бірден шалынады
1/13 Көрме Алматыдағы орталық мемлекеттік музей залдарының бірінде өтіп жатыр. Иран қалаларының сәулеті жайлы фотосуреттер көрмеге келушілердің көзіне бірден шалынады
Көрмені ұйымдастырушылар арасында Иранның Алматыдағы бас консулдығы мен оның мәдени өкілдігі де бар. Көрменің ашылу салтанатында Иран бас консулы Хамид Реза Аршади сөйледі
2/13 Көрмені ұйымдастырушылар арасында Иранның Алматыдағы бас консулдығы мен оның мәдени өкілдігі де бар. Көрменің ашылу салтанатында Иран бас консулы Хамид Реза Аршади сөйледі
Көрмені тамашалауға келген Қазақстан мен Иран азаматтары
3/13 Көрмені тамашалауға келген Қазақстан мен Иран азаматтары
Шараның мәдени бөлімінде Алматыда тұрып, жұмыс істейтін Иран азаматтарының дуэті өнер көрсетті: бірі иран халқының ұлттық саз аспабы дафеде (дабыл) ойнап, екіншісі туған елі туралы ән шырқады.<br />
<br />
Азаттық тілшісіне осы әншімен тілдесудің сәті түсті. Шахрам Фаги Насири бұрын әскери ұшқыш болған отставкадағы генерал-майор екен. Зейнетке шыққан соң құрған фирмасы қазір Қазақстанда жұмыс істеп жатқанын, өзі осында қазақ қызына үйленгенін айтады
4/13 Шараның мәдени бөлімінде Алматыда тұрып, жұмыс істейтін Иран азаматтарының дуэті өнер көрсетті: бірі иран халқының ұлттық саз аспабы дафеде (дабыл) ойнап, екіншісі туған елі туралы ән шырқады.

Азаттық тілшісіне осы әншімен тілдесудің сәті түсті. Шахрам Фаги Насири бұрын әскери ұшқыш болған отставкадағы генерал-майор екен. Зейнетке шыққан соң құрған фирмасы қазір Қазақстанда жұмыс істеп жатқанын, өзі осында қазақ қызына үйленгенін айтады
Көрме эскпонаттарының көбі &ndash; &quot;Шахнама&quot; дастаны қолжазбасының парақтарынан көшіріп салынған көркем суреттер
5/13 Көрме эскпонаттарының көбі – "Шахнама" дастаны қолжазбасының парақтарынан көшіріп салынған көркем суреттер
Бұл жерге парсылардың ежелден келе жатқан &quot;Хатам&quot; әдісімен ағаштан жасалған жазбаша заттар қойылған. Мұндағы бұйымдарға жұп-жұқа ағаштан, сүйектен немесе металдан істелген түрлі заттар жапсырып, өте күрделі геометриялық ою-өрнек түрінде безендірген
6/13 Бұл жерге парсылардың ежелден келе жатқан "Хатам" әдісімен ағаштан жасалған жазбаша заттар қойылған. Мұндағы бұйымдарға жұп-жұқа ағаштан, сүйектен немесе металдан істелген түрлі заттар жапсырып, өте күрделі геометриялық ою-өрнек түрінде безендірген
Құран қоюға арналған мына сүйемел ағаш та &quot;Хатам&quot; әдісімен ою-өрнекпен безендірілген
7/13 Құран қоюға арналған мына сүйемел ағаш та "Хатам" әдісімен ою-өрнекпен безендірілген
Қабырғаға ілінетін мына ағаш сағат та &quot;Хатам&quot; әдісімен жасалған
8/13 Қабырғаға ілінетін мына ағаш сағат та "Хатам" әдісімен жасалған
Көрмеге &quot;Минакари&quot; әдісімен жылтыр сырмен безендірілген металдан жасалған сәндік бұйымдар да қойылған
9/13 Көрмеге "Минакари" әдісімен жылтыр сырмен безендірілген металдан жасалған сәндік бұйымдар да қойылған
&quot;Шахнама&quot; кейіпкерлері Рүстем мен Сухрабты бейнелейтін мүсін
10/13 "Шахнама" кейіпкерлері Рүстем мен Сухрабты бейнелейтін мүсін
Көрмеде абыздар мен Заратуштра, сондай-ақ Шығыс шайырлары Рудаки, Фирдоуси, Омар Хайям, музыкант Барбад, &quot;Шахнама&quot; дастанындағы бас кейіпкерлердің бірі Рүстем мен әйелі Тахмина, олардың ұлы Сухрабты бейнелейтін шағын мүсіндер қойылған.<br />
&nbsp;<br />
Суретте: &quot;Шахнама&quot; авторы Фирдоусидің мүсіні
11/13 Көрмеде абыздар мен Заратуштра, сондай-ақ Шығыс шайырлары Рудаки, Фирдоуси, Омар Хайям, музыкант Барбад, "Шахнама" дастанындағы бас кейіпкерлердің бірі Рүстем мен әйелі Тахмина, олардың ұлы Сухрабты бейнелейтін шағын мүсіндер қойылған.
 
Суретте: "Шахнама" авторы Фирдоусидің мүсіні
Құран аяттарын ағашқа ойып жазған қолөнер бұйымы
12/13 Құран аяттарын ағашқа ойып жазған қолөнер бұйымы
Құран аяттары металға да жазылған
13/13 Құран аяттары металға да жазылған
Previous slide
Next slide

Иранмен тілдік және басқа да ортақ мәдени дәстүрге ие Орталық Азияның екі елі соңғы жылдары Тегеранмен қатынасты баяулатқаны белгілі. Тәжікстан кезіндегі азаматтық соғыстағы кейбір әрекеттерден Иран "ізін" байқап, байланысты шектеуге көшкен.

Оқи отырыңыз: Тәжік-Иран қатынасының "шырыны" таусылды ма?

2016 жылдың соңынан бері Иран мен Түркіменстан газ саудасына қатысты бір-бірінің үстінен халықаралық сотқа шағым бермекші екенін айтып қоқан-лоққы да жасап көрген. Иран Түркіменстанды газ бағасын шамадан тыс еселеп өсірді деп айыптап, Түркіменстан Иранның өзіне қарызын өтемей отырғанын айтқан.

Сондай дөң-айбат әрекеттің бірі биылғы жыл басында болды. Иран мұнай министрі Бижан Зәнгәне газ бағасының "шамадан жоғары" болуына және беріліп отырған "газ сапасына" қатысты "Түркіменгаз" компаниясын халықаралық сотқа бермекші екенін мәлімдеген. Соның алдында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Иран жағын сотқа беру туралы бұйрық шығарған болатын. Түркіменстан Иранды газға қатысты қарызын қайтармай келе жатыр деп айыптаған.

Түркіменстан тұрғындары осы ел мен Қазақстан және Иранды жалғайтын теміржолдың ашылу салтанатында тұр (2014 жылдың желтоқсаны)
Түркіменстан тұрғындары осы ел мен Қазақстан және Иранды жалғайтын теміржолдың ашылу салтанатында тұр (2014 жылдың желтоқсаны)

Алайда Роуханидың Ашғабатқа сапарында Иран баспасөзі Ахмадинежад кезіндегі Иранға қарсы санкциялардың Тегеранның қарызды уақтылы өтеуіне кедергі жасағанын хабарлап жатты. Түркіменстан президентінің таяуда Астанада Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі өтіп жатқанына қарамастан, Парсы шығанағындағы Иранның қитығына тиетін араб елдеріне сапарынан кейін Роуханидың Ашғабатқа баруы арадағы тоңның жіби бастағандығын байқатса керек.

Президент Роухани сапар соңынан Мары уәлаятындағы "Ежелгі Мерв" тарихи-мәдени қорығына соғып, одан әрі Бакуге аттанды. Роухани Мервте сонда жерленген Иран мәдениетіне үлес қосқан мұсылман қайраткерлері басына зиярат етті. Іргелес бұл екі елде шекараның ар жақ-бер жағында бір-біріне тиесілі мәдени мұралар баршылық. Мәселен, түркімендердің атақты ақыны Мақтұмқұлының мазары Иранның Гүлiстан провинциясындағы Ақтоғай деген жерде. Иран президентінің осы сапарында екі ел арасындағы мәдени, ғылыми қатынастарды дамыту мәселесі де айтылды. Бірақ Иран мен Түркіменстан қатынасындағы басты мәселе газ саудасы болып қала береді.

  • 16x9 Image

    Қуанышбек ҚАРИ

    "Азаттық-70", "Азаттық толқынында" подкастарының және "Шайхана" блогының авторы. Азаттықтың Алматы бюросының бас редакторы болған. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бакалавр дәрежесімен, Тегеран университеті парсы әдебиеті факультетін магистр дәрежесімен тәмамдаған.

    Иран телерадиобірлестігі әлемдік қызметінде тілші, кейін қазақстандық бірнеше БАҚ-тың Ирандағы тілшісі қызметтерін атқарған. Қазақстандық ақпарат агенттіктерінде, газет-журналдарда тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың бірінші орынбасары болған.

Айдар
XS
SM
MD
LG