Accessibility links

Берлин әуежайының жұмысы дронға байланысты бір тоқтап, қайта қалпына келді


Берлин-Бранденбург халықаралық әуежайының жұмысы 31 қазанда кешке дронға байланысты уақытша тоқтады . Бұл жөнінде әуежайдың өкілдеріне сүйенген dpa және AFP агенттіктері жазды. Дереккөздердің айтуынша, ұшу шамамен екі сағатқа: жергілікті уақыт бойынша 20:08-ден 21:58-ге дейін тоқтаған.

Көп рейс өзге әуежайларға, атап айтқанда, Дрезден, Лейпциг, Гамбург және Ганноверге жіберілген. Ұшақтар кешігіп ұшқан немесе қонған. Мысалы, Базель, Осло және Барселонға ұшатын рейстер кешіккен. Лондон, Стокгольм, Анталья және Хельсинкиден келетін ұшақтар өзге әуежайларға жіберілген.

Бранденбург полициясының өкілі журналистерге куәгер кешкі 8-дер шамасында әуежай маңынан дрон көргенін айтқанын жеткізді. Сақшылар экипажы да дрон көрген, алайда кейін оны таба алмаған.

Кейінгі апталарда Еуропаның ірі қалаларының әуежайлары маңынан дрондар табылып жатыр. Соған байланысты әуежайлар рейс қабылдау мен ұшыруды уақытша тоқатқан. Мұндай жағдай Копенгаген, Мюнхен, Осло, Ольблорг және өзге қалаларда болды. Дрондардың қайдан келгені белгісіз. Алайда Ресей жағы жіберген болуы мүмкін деп санайтындар бар.

XS
SM
MD
LG