Accessibility links

Атырау облысында шенеунік оқ жарақатынан қаза болды


Атырау облысында аудандық сәулет бөлімінің жетекшісі қаза болды. Полиция істі өзіне қол салуға итермелеу бабы бойынша тергеп жатыр.

"Ақжайық" басылымының жазуынша, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 36 жастағы жетекшісі "отбасы мәселелерінен кейін аңшы мылтығымен өзін атқан".

Дереккөздің басылымға айтуынша, шенеунік сабырлы, қарапайым адам болған. Оның артында төрт баласы қалды.

Полиция департаментінің мәліметінше, "Өзіне қол салуға дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

XS
SM
MD
LG