Кейінгі жылдары Қазақстан көмір мен газға көп жүгіне бастады. Тозған инфрақұрылымды жаңартып, ұлғайып жатқан сұранысты қамтамасыз ету үшін жаңа станциялар салынып жатыр. Бірақ «энергетика державасы» атануға бұл жеткілікті ме? Оның әлемдік рейтингтегі орны қандай?
Кейінгі жылдары Қазақстан көмір мен газға көп жүгіне бастады. Тозған инфрақұрылымды жаңартып, ұлғайып жатқан сұранысты қамтамасыз ету үшін жаңа станциялар салынып жатыр. Бірақ "энергетика державасы" атануға бұл жеткілікті ме? Оның әлемдік рейтингтегі орны қандай?
New Lines зерттеу институты АҚШ-қа Орталық Азия, Ауғанстан және Пәкістанды біріктіретін S7+ экономикалық блогын құруды ұсынды. Хадсон институтының сарапшысы Кен Мориасу Азаттыққа сұхбатында жобаның саяси және экономикалық маңызын талдайды.
Қазақстан үкіметі кейінгі үш жылда елдің жалпы ішкі өнімін 450 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр. Экономиканың өсу қарқыны салыстырмалды жоғары болғанымен, кейінгі бір жылда халықтың әл-ауқаты төмендеген.
Қазақстан үкіметі 2029 жылға дейін елдің жалпы ішкі өнімін 450 миллиард долларға жеткізуді көздейді. Экономиканың қарқыны жоғары болғанымен, кейінгі жылда халықтың әл-ауқаты төмендеген. Қазақстан экономикасы ілгерілеп жатқанда тұрмыс неге жақсармай тұр? Жұрт неге азық-түлікке ақша үнемдеуге мәжбүр?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде президент сайлауы 2029 жылы өтетінін айтты. Дегенмен шұғыл конституциялық реформа мен БҰҰ-дағы бас хатшы сайлау мерзімінің тұспа-тұс келуі қоғамда талқы туғызды. Әйтсе де, бұл сәйкестік болуы мүмкін дейтіндер де бар.
Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлап жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға барып, өңірдің экономикалық әлеуетін сөз етті. Бес күнге жалғасатын мейрам кезінде елде 10 мыңнан астам іс-шара өтеді, ең ауқымдыларын республикалық маңызы бар қалаларда өткізу жоспарланған.
15 наурыз референдумға шығарылатын Конституция жобасында сөз еркіндігіне қатысты бап біраз жаңарды. Оған «қоғамның адамгершілік болмысы» және «қоғамдық тәртіп» ұғымдары енген. Бұл тек Қазақстанға тән өзгерту ме, әлде басқа елдер де осыған ұқсас элементтер бар ма?
Әлеуметтік желіде "конституция" сөзін "консистенция" сияқты сөзбен алмастырып, сыни пікір жазып жатқандар бар. Жаңа Конституция жобасына қарсылық білдірген соң жауапқа тартылғандар көбейген тұста жұрт осы әдіске көшкендей. Бұл жөнінде "Құқықтық медиаорталық" заңгері Гүлмира Біржановамен сөйлестік.
Референдумға шығарылатын Конституция жобасына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясын жасақтау бойынша да президенттің құзыры кеңеймек. Дәл осы өзгеріс билікке не үшін керек болды, комиссияға кімдер өтуі керек және сайлау әділ өтуі үшін не өзгеруі керек? Бұл видеода осы сауалдарға жауап іздедік.
Қазақстанның жаңа Конституция жобасына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының төрағасын жеке-дара, ал қалған алты мүшесін Құрылтай келісімімен президент тағайындайды. Президент ұсынған адамдарды Құрылтай екі рет кері қайтарса, президент оны таратуға құқылы. Дәл осы өзгеріс билікке не үшін керек болды?
Қазақстанда сайлау я референдум кезінде қоғамдық сауалнама жүргізу заң жүзінде шектелген. Оны өкімет рұқсатынсыз жүргізу заң бұзуға жатады. Сауалнама жөніндегі маман Жанар Жандосова қоғам көңіл күйін тәуелсіз бағамдауға мүмкіндік қалдырмау билік шешімдеріне деген сенімнің азаюына ықпал етеді дейді.
Қазақстан үкіметі шеттен келген азаматтарға ықтиярхат беру тәртібін өзгертіп, жаңа пилот жобасын іске қосты. Құжат бойынша, бұған қандас мәртебесін беру тәртібі де енеді. Азаматтар соттылығы туралы анықтама әкеліп, қазақ тілі мен тарихын білетінін растауы керек.
Қазақстандағы конституциялық реформаның елеулі жаңалықтарының бірі – вице-президент лауазымы. Бұл адамның түпкі қызметі әлемдік үлгідегі функцияға ұқсайды – президент қандай да бір себеппен қызметінен кетсе, соның орнын баса тұрады.
Тағы