Ауғанстанда тәліптер билігіне қарсы тұруға бел буған панжшерлік жауынгерлер исламистік топпен күреске дайындалып жатыр. Панжшер шатқалы кейінгі 40 жылда сыртқы күштен жеңілмей келеді. Бұл аймақта көбіне тәжіктер тұрады. Ал тәліптердің басым бөлігі - пуштундар. "Талибанға" (Қазақстанда және бірнеше елде террористік деп танылған қозғалыс) қарсы шыққандардың арасында жергілікті жауынгерлер мен Ауғанстан қарулы күштерінің бұрынғы қызметкерлері бар. Тәліптерге қарсы күшті 32 жастағы Ахмад Масуд жинаған. Ол – 1980 жылдары Совет әскерімен шайқаста, 1990 жылдары тәліптермен күресте аты шыққан қолбасшы Ахмад Шах Масудтың ұлы.
Тәліптер билігін мойындамаған Панжшер жауынгерлерінің дайындығы
![Тәліптерге қарсы жауынгерлер 24 тамызда Панжшер уәлаяты Абдуллах Хил ауданындағы жаттығуға қатысты. ](https://gdb.rferl.org/3a877c82-82db-44bb-9896-1a05c169de33_w1024_q10_s.jpg)
1
Тәліптерге қарсы жауынгерлер 24 тамызда Панжшер уәлаяты Абдуллах Хил ауданындағы жаттығуға қатысты.
![Тәліптер қазір Ауғанстандағы Панжшер провинциясына ғана бақылау орнатқан жоқ. Бұл шатқалды бұған дейін совет әскері де, тәліптер де ала алмаған. ](https://gdb.rferl.org/e2fc16ad-98d5-48d8-953f-45490fe213cb_w1024_q10_s.jpg)
2
Тәліптер қазір Ауғанстандағы Панжшер провинциясына ғана бақылау орнатқан жоқ. Бұл шатқалды бұған дейін совет әскері де, тәліптер де ала алмаған.
![Тәліптерге қарсы күшті жинаған – Ахмад Масуд. Ол – 1980 жылдары Совет әскерімен шайқаста, 1990 жылдары тәліптермен күресте аты шыққан қолбасшы Ахмад Шах Масудтың ұлы. 20 жыл бұрын "Әл-Каида" содыры өз-өзін жарып, сол жарылыстан Ахмад Шах Масуд та қаза тапқан. Суретте Ахмад Масуд Панжшер провинциясы Базарак елдімекеніндегі үйінің алдында сөз сөйлеп тұр. 5 қыркүйек 2019 жыл. ](https://gdb.rferl.org/45479cf4-d984-49b5-a6a6-72cca27ee15e_w1024_q10_s.jpg)
3
Тәліптерге қарсы күшті жинаған – Ахмад Масуд. Ол – 1980 жылдары Совет әскерімен шайқаста, 1990 жылдары тәліптермен күресте аты шыққан қолбасшы Ахмад Шах Масудтың ұлы. 20 жыл бұрын "Әл-Каида" содыры өз-өзін жарып, сол жарылыстан Ахмад Шах Масуд та қаза тапқан.
Суретте Ахмад Масуд Панжшер провинциясы Базарак елдімекеніндегі үйінің алдында сөз сөйлеп тұр. 5 қыркүйек 2019 жыл.
Суретте Ахмад Масуд Панжшер провинциясы Базарак елдімекеніндегі үйінің алдында сөз сөйлеп тұр. 5 қыркүйек 2019 жыл.
![Масудтың сөзінше, Панжшерде "мыңдаған адам" тәліптерге қарсы тұруға дайын. ](https://gdb.rferl.org/c30df967-84af-4b07-820b-d16b00ba260b_w1024_q10_s.jpg)
4
Масудтың сөзінше, Панжшерде "мыңдаған адам" тәліптерге қарсы тұруға дайын.
![Ауғанстан әскерінің кейбір жауынгері тәліптерден қашып Панжшерге келген. Олар бұл шатқалға жүздеген "Хаммер" көлігін, брондалған техника мен бес тікұшақ әкелгені хабарланды. ](https://gdb.rferl.org/f56a8446-a430-4dd9-ad50-7f88895258d3_w1024_q10_s.jpg)
5
Ауғанстан әскерінің кейбір жауынгері тәліптерден қашып Панжшерге келген. Олар бұл шатқалға жүздеген "Хаммер" көлігін, брондалған техника мен бес тікұшақ әкелгені хабарланды.
![22 тамызда тәліптер Ахмад Масудтан төрт сағат ішінде аймақты беруді талап еткен. Бірақ ол "Талибанның" бұл талабын орындамады. ](https://gdb.rferl.org/154c3530-69f3-4575-8509-8e9a476d3fe4_w1024_q10_s.jpg)
6
22 тамызда тәліптер Ахмад Масудтан төрт сағат ішінде аймақты беруді талап еткен. Бірақ ол "Талибанның" бұл талабын орындамады.
![23 тамызда тәліптер Панжшерге жүздеген содыр жібергенін мәлімдеді. Кейін "Талибанның" ресми өкілі Забихулла Муджахид аймақты қоршауға алдық деді. ](https://gdb.rferl.org/722956d1-7020-4135-8b5e-a6790c1c6a24_w1024_q10_s.jpg)
7
23 тамызда тәліптер Панжшерге жүздеген содыр жібергенін мәлімдеді. Кейін "Талибанның" ресми өкілі Забихулла Муджахид аймақты қоршауға алдық деді.
![Тәліптерге елдің бұрынғы вице-президенті Амрулла Салех те қарсы шықты. Ол өзін елдің заңды президентімін деп жариялады. 48 жастағы Салех те Панжшерде туған және бұл провинцияда көп қолдауға ие. ](https://gdb.rferl.org/cb7b0cdd-0c53-46de-8cb8-8801b5ff64ee_w1024_q10_s.jpg)
8
Тәліптерге елдің бұрынғы вице-президенті Амрулла Салех те қарсы шықты. Ол өзін елдің заңды президентімін деп жариялады. 48 жастағы Салех те Панжшерде туған және бұл провинцияда көп қолдауға ие.
![](https://gdb.rferl.org/b2885d37-5fc5-4da7-a90d-dd3a57141881_w1024_q10_s.jpg)
9
![Ахмад Масуд "Әл-Арабия" арнасына берген сұхбатында қақтығысқа жол бермес үшін тәліптермен келіссөзге дайын екенін мәлімдеген. Ол тәліптерді ұлттық үкімет құруға шақырған. Егер "Талибан" келіссөзден бас тартса, соғысуға тура келеді деген еді. ](https://gdb.rferl.org/d5c10ed2-5387-440d-8553-67c3416cdef1_w1024_q10_s.jpg)
10
Ахмад Масуд "Әл-Арабия" арнасына берген сұхбатында қақтығысқа жол бермес үшін тәліптермен келіссөзге дайын екенін мәлімдеген. Ол тәліптерді ұлттық үкімет құруға шақырған. Егер "Талибан" келіссөзден бас тартса, соғысуға тура келеді деген еді.
![Панжшер шатқалындағы жаттығу, 24 тамыз 2021 жыл.](https://gdb.rferl.org/abbba0a3-e2ce-4eb4-b35f-a7925646197b_w1024_q10_s.jpg)
11
Панжшер шатқалындағы жаттығу, 24 тамыз 2021 жыл.
![Түрлі хабарларға қарағанда, Яр Мохаммад Достум бастаған мыңдаған өзбек Панжшердегі тәліптерге қарсы топқа қосылған. Яр Мухаммад Достум – 20 жыл бұрын Өзбекстан қарулы күштерінің командирі болған, "Талибанға" қарсы әскерге қолбасшылық еткен, жоғары лауазымды қызметтерде болған Абдул Рашид Достумның ұлы.](https://gdb.rferl.org/b52593ed-cca0-4e7f-a865-c43f710809a7_w1024_q10_s.jpg)
12
Түрлі хабарларға қарағанда, Яр Мохаммад Достум бастаған мыңдаған өзбек Панжшердегі тәліптерге қарсы топқа қосылған. Яр Мухаммад Достум – 20 жыл бұрын Өзбекстан қарулы күштерінің командирі болған, "Талибанға" қарсы әскерге қолбасшылық еткен, жоғары лауазымды қызметтерде болған Абдул Рашид Достумның ұлы.
![](https://gdb.rferl.org/f558e0d0-8be4-40d2-b612-3c46fb6ef2c2_w1024_q10_s.jpg)
13
![Панжшерде тұратындардың көбі Бадахшан, Бағлан, Капис, Парван, Тахар провинциясы да тәліптерге қарсы тұрады деген үмітте. Бұл аймақтарда да жергілікті тұрғындардың көбі – тәжіктер. Олар о бастан пуштундар басым келетін "Талибан" қозғалысына сақтықпен қараған.](https://gdb.rferl.org/a303b85b-b276-41b8-9479-b979bb516cbb_w1024_q10_s.jpg)
14
Панжшерде тұратындардың көбі Бадахшан, Бағлан, Капис, Парван, Тахар провинциясы да тәліптерге қарсы тұрады деген үмітте. Бұл аймақтарда да жергілікті тұрғындардың көбі – тәжіктер. Олар о бастан пуштундар басым келетін "Талибан" қозғалысына сақтықпен қараған.
![](https://gdb.rferl.org/fe1312ae-0fbf-416a-8304-6fe963ec0b3d_w1024_q10_s.jpg)
15
![](https://gdb.rferl.org/f15587ce-a6df-4bb2-b5e4-1587240949ff_w1024_q10_s.jpg)
16