Литваның қорғаныс министрі Робертас Каунас Вильнюс пен Вашингтон арасында Литвада Американың ядролық қаруын орналастыру мүмкіндігі жөнінде келіссөз жүріп жатқанын хабарлады. Бұл жөнінде Politico жазды.
“Талқы жалғасып жатыр. Литва, сөзсіз, тасада қалмайды” деді Каунас.
Литва Конституциясы ел аумағында жаппай қырып-жоятын қаруды орналастыруға тыйым салады. Литва президенті Гитанас Науседа қазір төніп тұрған қауіпсіздік мәселелерін алға тартып, негізгі заңды өзгертуді ұсынған. Мұны көптеген литвалық депутаттар қолдады.
Бұған дейін Financial Times үш дереккөзге сүйене отырып, АҚШ НАТО бойынша Еуропадағы әріптестерімен бірге Американың ядролық қаруын орналастыру мәселесін талқылап жатқанын жазған. FT жазуынша, оған Польша мен Балтық елдері қызығушылық танытқан.
Ресей “қаруын көбейтіп жатқан шақта” мамырдың соңында Норвегия Францияның “ядролық қолшатырына” қосылатынын мәлімдеген.