Accessibility links

Зеленский: Покровскіден шегінуге қатысты шешімді сол жердегі командирлер қабылдайды


Покровск қаласынан қазір ештеңе қалмаған.
Покровск қаласынан қазір ештеңе қалмаған.

Украина президенті Владимир Зеленский ел әскерінің Покровскіден шегінуі мүмкін екенін мәлімдеп, бұл қаладағы "жағдай өте қиын" деді.

Донецк облысының батысындағы Покровск қаласы үшін Украина мен Ресей әскері бірнеше айдан бері шайқасып жатыр. Қала қатты қираса да, Украина үшін бұл қала Донецк облысындағы бекіністің бірі болып тұр.

Зеленский Покровскіні қорғап жатқан әскерилер қабылдаған шешімдерді қолдайтынын айтты.

"Ешкім оларды қираған қала үшін күресуге мәжбүрлемейді. Мен сол жердегі солдаттарымыздың, әсіресе командирлеріміздің жағдайды қалай бақылай алатынына қатысты шешімін қолдаймын... Біз үшін солдаттарымыз маңызды" деді ол Bloomberg агенттігіне.

Зеленскийдің ойынша, Ресей Покровскіні басып алып, Трампты "Украина бүкіл Донбасстан бас тартуы керек" дегенге көндіруге тырыспақ.

Бұған дейін Ресей әскерінің басшылары Покровскіні қоршауға алғанын мәлімдеген. Бірақ Украина қарулы күштерінің басшылығы мұны жоққа шығарып келген еді.

XS
SM
MD
LG