Accessibility links

Қазақстанда бензиннің қымбаттауы мен газ тапшылығы бойынша шағымдану үшін шұғыл желі ашылды


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Қазақстандықтар АИ-92 маркалы бензиннің қымбаттауы мен автогаз тапшылығы жөнінде арнайы ашылған шұғыл желіге шағымдана алады. Бұл жөнінде энергетика министрлігі хабарлап, әрбір шағымды қарастыруға уәде берді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, егер жүргізушілер бағаның негізсіз өсуін немесе жанармайдың болмауын байқаса, +7 701 855 02 48 нөміріне хабарласа алады.

Ведомствоның хабарлауынша, азаматтар қымбатшылық пен тасымалдау мәселесіне қатысты шағымданып жатыр, алайда тапшылық жоқ және "барлық тиісті жанармай көлемі жеткізілген". Министрлік өкілдері бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және аймақтағы бөлімшелермен бірігіп, алыпсатарлық немесе жасанды тапшылық тудыру жайттарының жолын кесетінін айтты.

Ведомство кейбір облыстардағы автогаз тапшылығын "уақытша логистикалық қиындықтар" және "зауыттардың біріндегі жөндеу жұмыстарымен" түсіндірген. Энергетика министрлігі өкілдерінің айтуынша, сұранысы көп аймақтарға қосымша көлем жеткізілген.

Бұған дейін 16 қазаннан бастап Қазақстанда инфляция тұрақталғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизельді қымбаттатуға тыйым салынғаны хабарланған.

Бір күн бұрын Tengrinews Қазақстанның солтүстік өңірлерінде кейбір жүргізушілер автогаз тапшылығына тап болғанын, кейбір бекеттерде газ мүлде жоқ, ал кейбірінде талонмен беріп жатқанын жазған. Оның алдында осыған ұқсас жайт Қазақстанның батыс өңірлерінде байқалғаны хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG