Accessibility links

Алматы облысында изолятордан қашқан күдіктіге полиция іздеу жариялады


 Полиция көлігі.
Полиция көлігі.

Алматы облысындағы уақытша ұстау изоляторынан "Зорлау" бабы бойынша күдікке ілінген ер адам қашып кетті. Бұл туралы облыстың полиция департаменті хабарлады. 22 қазанда күдіктіге іздеу жарияланды.

Осы жағдайға байланысты облыста "Дабыл" жоспары енгізілген. Полиция басты жолдарға блокбекеттер қойған. Қамауда отырған күдікті изолятордан қалай қашып кеткенін анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізілмек.

Желіде тараған суреттегі ақпаратқа сәйкес, күдікті 21 қазан кешкі жетіде Талғар ауданындағы уақытша ұстау изоляторынан қашып шыққан. Instagram-дағы Kris_p_talgar парақшасы 22 қазанға қараған түні облыстағы Талғар тасжолында полиция қызметкерлері көліктерді тоқтатып, тексеріп жатыр деген видео жариялады.

4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар ауданында бір топ адаммен жанжалдан 16 жастағы Шерзат Полат мерт болғаннан кейін, қара жамылған отбасының үйі өртенген соң полиция ауданда күзетті күшейткен. Осы оқиғадан кейін Талғарда Ұлттық ұлан сарбаздары, полицейлер мен полиция көліктері көбейген.

Талғарды күзету, «Хуторға» араша сұрау, Қаңтарды еске алу – AzatNEWS | 14.10.2024
please wait

No media source currently available

0:00 0:34:29 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG