Accessibility links

АҚШ Украинаға құны 425 млн долларға тең көмек береді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтон Украинаға 425 миллион доллардың жаңа әскери көмек пакетін ұсынды деп хабарлады. "Америка дауысы" сайтының мәліметінше, Пентагон қорынан берілетін қосымша көмек пакетіне NASAMS зенит зымыран жүйесі оқ-дәрілері, әуе қорғанысына арналған RIM-7 ракеталары, Stinger зенит зымырандары, HIMARS зымыран жүйесіне керек оқ-дәрілер, кассеталық оқ-дәрілер, танкіні жоятын Javelin қаруы және тағы басқалар кіреді.

Блинкен Украинаны АҚШ пен оның аясындағы халықаралық коалиция қолдайды деп бұған дейін бірнеше рет айтқан президент Джо Байденнің сөзіне сілтеді деп жазды "Америка дауысы" сайты.

2024 жылғы 27 қыркүйекте АҚШ мемлекеттік департаменті сайтында мынадай хабарлама жарияланған:

"АҚШ, біздің одақтастар мен дүниежүзіндегі серіктестеріміз Ресейдің Украинаға қарсы қасақана, себепсіз және негізсіз соғысына жауап ретінде Украинаны бірге қолдайды".

"Украина өз қарулы күштерін жаңалауға, оның НАТО-мен үйлесімін арттыруға айтарлықтай күш салған өңірдегі негізгі стратегиялық серіктес. Ресейдің Украинаға қарсы соғысында Киевке қорғаныс үшін құрал-жабдық беріп, қауіпсіздік саласында көмектесуге басымдық беріледі".

АҚШ 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап Украинаға құны 61 млрд доллардан асатын әскери көмек және Ресейдің Украинаға 2014 жылғы шабуылынан бергі кезеңде 64 млрд долларға жуық әскери көмек көрсеткен.

АҚШ 2021 жылғы тамыздан бері қорғаныс министрлігі қорынан Украинаға 31 млрд долларға тең әскери көмек көрсету үшін президенттің төтенше өкілетін 50-ден астам рет пайдаланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG