Accessibility links

Референдум күні ұсталған белсенді Әсет Әбішевті әкімшілік жауапқа тартты


Белсенді Әсет Әбішев
Белсенді Әсет Әбішев

Қазақстанда АЭС салу туралы референдум күні Алматыда ұсталған белсенді Әсет Әбішевті сот әкімшілік жауапқа тартты. Оған 50 АЕК – 184 мың теңге айыппұл салды. Әкімшілік сот белсенді Әбішевті "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деп таныды.

6 қазан кешке Әбішев желідегі парақшасына Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы алдынан видео жариялады.

– Facebook-тегі парақшамда жарияланған құқықбұзушылық бойынша әкімшілік сот өтті. Ол Франция президенті Эммануэль Макрон [Қазақстанға] келген кезде жарияланған [тіркелмеген] "Алға, Қазақстан" партиясының мәлімдемесі. Ол жерде жиынға, наразылыққа шақыру туралы сөз болмаған. Бірақ судья бір минутта дайын тұрған қаулыны басып шығарды, – деді Әбішев.

Әбішевтің ұсталғанын 6 қазанда ActivistsNotExtremists тобы хабарлаған. Топтың мәліметінше, белсендіні референдум учаскесіне бара жатқанда ұстап әкеткен.

Сол күні кешке Әбішевтің өзі Азаттық редакциясына видео жіберді. Айтуынша, полицейлер оны "ұрлап" әкетіп, артынан референдумға дауыс беруге апарған, сосын оған "Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" (488-бап 7-бөлігі) деген айып таққан. "Осы жерден мені сотқа – Бостандық аудандық полициясына қайта әкететін сияқты" деді ол видеода. Әбішев іске ілік болған Facebook-тегі жазбасы былтыр жарияланғанын айтты.

2023 жылғы 1 қарашада Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға сапары күні "Алға, Қазақстан!" қозғалысының белсенділері Астанадағы Франция елшілігі алдында наразылық акциясын өткізбек болған. Хабарландыруды олар әлеуметтік желіге күні бұрын таратқан. Бірақ елшілік алдында күзет күшейтіліп, акцияға рұқсат етілмеген. Сол күні "Алға, Қазақстан" белсенділері Әсет Әбішев пен Айжан Ақышева ұсталған. Ұйым Макронға үндеуінде "Қазақстандағы адам құқықтарының шынайы бейнесін көрсеткіміз келеді" деген.

Макроннан араша сұрамақ болған белсенділердің акциясы өтпеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:56 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG