Accessibility links

БҰҰ-да сөйлеген Зеленский Украина бейбітшілік үшін күш жұмсап жатыр деді


Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясында "Болашақ саммитінде" сөйлеп тұр. Нью-Йорк, АҚШ, 23 қыркүйек, 2024 жыл.
Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясында "Болашақ саммитінде" сөйлеп тұр. Нью-Йорк, АҚШ, 23 қыркүйек, 2024 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш шақырған екі күндік "Болашақ саммитінде" сөз сөйледі.

Зеленский қысқа мәлімдемесінде Ресей осы саммит жұмысына қарсы тұруға тырысты деп, "Болашақ пактісін" қабылдауға үлес қосқан елдерге алғыс білдірді. "Настоящее Время" телеарнасының хабарлауынша, Украина президенті Киевтің соғысты тоқтатуға қалай күш салып жатқанын айтқан. Зеленский бейбітшілік формуласы, халықаралық бейбітшілік саммиті және биыл жыл соңына дейін өтуі мүмкін екінші бейбітшілік саммитіне дайындық жайлы сөйлеген.

Бір күн бұрын БҰҰ Бас ассамблеясы жаһандық міндеттерді шешуге әлем елдерінің күш-жігерін біріктіру жоспарын мақұлдады. Онда климат өзгергені, жасанды интеллект, қақтығыстар күшейіп, теңсіздік пен кедейлік өсіп жатқаны айтылған.

"Болашақ пактісі" 22 қыркүйекте екі күндік ""Болашақ саммиті" ашылған кезде қабылданды. Оған қоса жаһандық цифрлық шарт және болашақ ұрпақ туралы декларация мақұлданды. Шартта цифрлық технологиялар қолдану жайлы айтылған, декларация келешек ұрпақты қолдан жасалған апаттардан құтқаруға қолдан келгеннің бәрін істеуге үндеген.

Владимир Зеленскийдің әлем елдері басшыларымен, соның ішінде Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесуі жоспарланған. Украина президенті Ақ үйде АҚШ президенті Джо Байденмен кездеседі. Бұдан бөлек, АҚШ президенттігіне кандидаттар – Камала Харриспен және Дональд Трамппен жолықпақ.

Зеленскийдің сапары, Ақорданы қоршау, шахматшы қыздардың жеңісі – AzatNEWS | 23.09.2024
please wait

No media source currently available

0:00 0:23:53 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG