Accessibility links

АҚШ Украинаға ATACMS зымыранымен Ресейге соққы жасауға рұқсат беруі мүмкін


ATACMS тактикалық зымыран жүйесі
ATACMS тактикалық зымыран жүйесі

АҚШ-та Украинаға Ресей агрессиясына тойтарыс беру үшін ұзақ қашықтағы қару қолдануға рұқсат беру жайын талқылап жатыр. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден 10 қыркүйекте хабарлады.

Байденнің айтуынша, оның әкімшілігі "бұл мәселемен айналысып жатыр". АҚШ әзірге Ресейге ұзақ қашықтағы, әсіресе Америкада өндірілген қарумен соққы жасауға рұқсат бермей отырғанын ашық мәлімдеген. CNN сөйлескен Байден әкімшілігіндегі дереккөздер бұл тұрғыда ешқандай өзгеріс күтіп отырған жоқпыз деді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтон Ресейдегі негізгі әскери нысандарға зымыранмен соққы жасауға рұқсат алғысы келіп жүрген Украина президенті Владимир Зеленскийдің өтінішін "қарап, тыңдайды" деді.

Зеленскиймен Блинкен және оның британ әріптесі Дэвид Лэмми 11 қыркүйекте Киевте кездеседі. Axios америкалық басылымының журналисі Джулигрейс Бруфке Блинкен сонда Украинаға 300 шақырымға дейін жететін ATACMS зымырандарын қолдануға рұқсат берілетінін хабарлайды деді. Бұл туралы оған сыртқы істер палатасының төрағасы Майкл Маккол айтты деді тілші.

"Екі күн бұрын Блинкенмен сөйлестім, ол Ұлыбританиядағы әріптесімен бірге Киевке барып, оларға [ATACMS арқылы Ресейге соққы жасауға] рұқсат беретінін айтады" деген Маккол сөзін журналист Джулигрейс Бруфке жариялады.

Әзірге АҚШ пен Украинаның басқа одақтастары қақтығыстың күшеюінен я ядролық соғыстан қауіптеніп, Киевке Ресейге ұзақ қашықтағы қару қолдануға рұқсат бермей отыр. The Times газетінің хабарлауынша, Ұлыбритания мен Франция Украинаға 560 шақырымға дейінгі Storm Shadow зымыранын қолдануға рұқсат беруге дайын, бірақ олар АҚШ шешімін күтіп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG