Accessibility links

Қытайдың барлау ұшағы Жапонияның оңтүстік бөлігіне еніп, қайта шыққан


Қытайдың Y-20 әскери ұшағы.
Қытайдың Y-20 әскери ұшағы.

France-24 арнасы дүйсенбіде болған бұл оқиғаны қытай-жапон арасында кейінгі тарихта бұрын-соңды болмаған оқиға деп атады. 26 тамызда жергілікті уақытпен түн ортасына тура жарты сағат қалғанда Қытайдың әскери ұшағы Жапонияның оңтүстігіндегі Дандзё архипелагының әуе кеңістігіне кіріп, көрші ел аспанында екі минут ұшқан.

"Бұл біздің егемендігімізді өрескел бұзып қана қоймай, қауіпсіздігімізге қауіп төндірді, бұл төзуге болмайтын әрекет деп санаймыз", – деді премьер-министр кеңсесінің бас хатшысы және үкіметтің ресми өкілі Ёсимаса Хаяси.

Қытай ұшағы Жапония әуе кеңістігінен шығып кеткеннен кейін көп ұзамай Токио шекара бұзылған тұста жойғыш ұшақтарын әуеге көтерді.

Қытай үкіметі кез келген басқыншылық пиғылды ресми түрде жоққа шығарып, ұшқыш қателескен болуы мүмкін деді. 27 тамызда Қытай сыртқы істер министрлігі оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр деп хабарлады.

Жапония әуе кеңістігін жылдам ұшып өткен әскери ұшақ оның аумағына кірген бірінші қытайлық ұшақ емес. Ақпаратқа қарағанда, дүйсенбіде Жапония шекарасынан өтіп кеткен ұшақ – Shaanxi Y-9 әскери ұшағы. France-24 мәліметінше, бұл ұшақты көптеген елде кеңінен танылған америкалық С-130 ұшағымен салыстыруға болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG