Accessibility links

Джо Байден Ресейдің Украинаға жасаған жаппай әуе шабуылын айыптады


АҚШ президентінің резиденциясы – Ақ үй.
АҚШ президентінің резиденциясы – Ақ үй.

АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына әуеден жаппай шабуыл жасағанын айыптады.

"Ресейдің Украинаға қарсы жалғасып жатқан соғысын және Ресейдің украиндарды түнекке батыру әрекетін айыптаймын", – деп жазылған хабарламада. – Ресей Украинада ешқашан жетістікке жете алмайды. Украин халқының рухын жанши алмайды".

Президент Байден АҚШ бастаған 50-ден аса елден құралған коалиция Украинаға қорғаныс үшін маңызды әскери құралдар, соның ішінде әуе қорғанысы жүйелерін береді деді. Украинаға мұндай жүйелер жеткізу АҚШ үшін маңызды. АҚШ Украинаға энергетика инфрақұрылымын жөндеуге және қолдауға да жабдықтар жібереді деді Байден.

АҚШ президенті Украина халқына Вашингтон Киевке мызғымас қолдау танытады деді. "Украинаны қолдау оның жеңісіне дейін жалғасады" делінген хабарламада.

26 тамызда Ресей Украинаға жасаған әуе шабуылынан жеті адам қаза тауып, 47 адам жараланған. Зардап шеккендер арасында төрт бала бар деп хабарлады Украинаның мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі.

Киев Ресей Украина аумағын нысанаға алып ұшырған 127 ракетаның 102-сін, 109 дронның 99-ын атып түсірдік деп мәлімдеді. Бұл ақпаратты растайтын тәуелсіз дерек жоқ.

Украина мен Ресейдің дрон атысы
please wait

No media source currently available

0:00 0:08:12 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG