Accessibility links

WP: Курск облысында кемі 247 ресейлік сарбаз тұтқынға түсті


The Washington Post басылымы Украина әскері Ресейдің Курск облысына басып кіргелі бері түсірілген жүзден аса видео мен фотосуретті зерттеп, кемінде 247 ресейлік сарбаз тұтқынға түскен деп хабарлады.

Басылым Украина әскері түсірген видеолар мен The Washington Post фотографының әскери тұтқындар лагерінде түсірген суреттерді зерттеген, ол жерде соғыста қолға түскен ресейлік сарбаздарды да ұстайды.

WP журналистер тұтқындарға байланысты желіде жарияланып жатқан видео мен фотосуреттердің бәрін толық тексермеген, сондықтан Украина әскері қолына түскен ресейлік сарбаздар саны "айтарлықтай көп болуы мүмкін" деді.

Украинаның солтүстік-шығысындағы түрме басшысының сөзінше, тұтқындарды алдымен сол жаққа апарған, кемінде 320 ресейлік осы мекемеден өткен, олардың 80 пайызы – мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаздар.

Жақында Ресей мен Украина "115 те 115" форматы бойынша тұтқын алмасты. Ресей қорғаныс министрлігі Курск облысында тұтқынға алынған ресейлік әскери қызметкерлер босатылды деп хабарлады. Украина президенті Владимир Зеленский ұлттық гвардия, Украина қарулы күштері жауынгерлері мен әскери-теңіз күштерінің өкілдері мен шекарашылар елге оралды деді.

"Важные истории" басылымы "Наш выход" қозғалысы жариялаған тізімге (ресми расталмаған) және ашық мәліметтерге сүйеніп, Украина әскері мерзімді қызметтегі кемі 19 ресейлік сарбазды тұтқында ұстап отыр деп жазды. Хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде 66 адам бар.

Киев те, Мәскеу де Украина әскерінің тамыздағы шабуылы барысында қанша ресейлік сарбаз тұтқынға түскенін ресми түрде хабарлаған жоқ.

Маусым айында Ресей президенті Владимир Путин Украинада 1348 ресейлік, ал Ресейде 6465 украин тұтқында отыр деп мәлімдеген.

Украина Ресейдің 92 елді мекенін басып алғанын айтады
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:14 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG