Accessibility links

Алжирлік боксшы әйел спортшыларды қорлауды тоқтатуға үндеді


Иман Хелиф (қызыл формада)
Иман Хелиф (қызыл формада)

Париж олимпиадасы кезінде желіде сынға ұшыраған Алжир құрамасының әйел боксшысы спортшыларды қорлап-кемсітуді тоқтатуға үндеді.

Жынысына байланысты қысым көрген Иман Хелиф мұндай жеккөрініш адамның қадір-қасиетін қорлайды деді.

Алжир спортшысы SNTV арнасына берген сұхбатында басынан өткен жайтты айтып берді. Ол көрермендерге қайырылып, олимпиада қағидасы мен хартиясын сақтауға, қорлаудан аулақ болуға шақырды.

Хелиф пен Тайпейден келген боксшы Линь Юйтиннің Париж олимпиадасындағы жеңісі желіде қызу талқыланып, шуға айналды. Екеуі де жынысы туралы жалған ақпараттарға байланысты қорлық көргеніне қарамастан, олимпиададағы алғашқы медалін иеленді деп жазды "Америка дауысының" Орыс қызметі.

Хелифті былтыр әлем чемпионатынан шеттеткен. Халықаралық бокс қауымдастығы (International Boxing Association) спортшы әйелдер арасындағы жарысқа қатысуға IBA ережелеріндегі іріктеу талабына сай келмеді деді. Алжир боксшысының бойында XY-хромосомалары бар, тестостерон жоғары деген. Линь Юйтин де солай жарыстан шыққан.

Париж олимпиадасы кезінде оларды желіде "трансгендер" және "еркек" деп атады, бірақ Халықаралық олимпиада комитеті оларды әйел деп айтты.

ХОК Хелиф пен Юйтинге олимпиадаға қатысуға рұқсат берілді деп бірнеше рет хабарлаған. Комитет IBA-дің тестілеу стандарты бұлдыр, басшылығы транспарентті емес деп айыптаған.

ХОК-пен көптен бері жанжалда болған IBA тест нәтижесі бойынша ақпарат жарияламады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG