Accessibility links

Еуроодақ Беларусьтегі саяси қудалауға қатысы бар 28 адамға санкция салды


FILE PHOTO: European Union flags fly outside the European Commission headquarters in Brussels
FILE PHOTO: European Union flags fly outside the European Commission headquarters in Brussels

Еуропа одағы Беларусьте жалғасып жатқан саяси қудалауға және адам құқықтары бұзылуына қатысы бар 28 адамға санкция салды. 2020 жылы тамызда Беларусьте өткен президент сайлауы кезінде дауыстар жаппай бұрмаланғаннан төрт жыл өткен соң санкция тізімі толықты. Бұл жөнінде ЕО кеңесінің хабарламасында айтылған.

БелТА ақпарат агенттігінің бас директоры Ирина Акулович, Беларусьтің авторитар басшысы Александр Лукашенконың баспасөз қызметінің бұрынғы басшысы Дмитрий Жук, СТВ арнасындағы "Сенат" бағдарламасының жүргізушісі және ұлттық жиналыс жанындағы жастар кеңесінің төрағасы Никита Рачиловский санкцияға іліккен.

"Бұл режимді насихаттайтындар саналы түрде Беларусь жұртына мемлекеттік органдар істеген саяси қудалау туралы өтірік ақпарат беріп, Беларусь пен Ресей билігі дайындаған жалған ақпаратты таратып, демократиялық оппозиция мен азаматтық қоғамға өшпенділік тудырды" деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, Беларусьтің ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бас басқармасы (ГУБОПиК) басшысының екі орынбасары да санкцияға іліккен.

"ГУБОПиК – Беларусьтегі саяси қудалауға жауапты басты органдардың бірі, оған белсенділер мен азаматтық қоғам мүшелерін жөнсіз және заңсыз тұтқындау, қатыгездік көрсету, азаптау жатады" делінген хабарламада.

Санкция тізімінде Беларусьтің сот жүйесінде істейтін прокурорлары мен судьяларының, түзеу мекемелері басшыларының есімдері бар.

Беларустегі президент сайлауы және қарсылық түні
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:29 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG