Accessibility links

"Халық алтын талап етуге хақылы". Париж ойындары Қазақстан үшін қаншалықты маңызды?

Боксшы Бекзат Нұрдәулетов Токио-2020 олимпиадасында жеңілген сәт. 28 шілде 2021 жыл.

Токио-2020 олимпиадасында сәтсіздікке ұшырап, бірде-бір алтын алмаған Қазақстан үшін Париж олимпиадасы сынақ болмақ. Бюджеттен 2023 жылы спортқа 330 млрд теңге бөлінгенін ескерсек, Парижде Қазақстаннан чемпион шықпаса, бұл ақшаның да сұрауы күшеймек. Азаттық сөйлескен сарапшылар халық салықтың ақшасына дайындалған спортшылардан алтын күтетінін айтады. Ал халықаралық Nielsen аналитикалық компаниясы Қазақстан Парижде екі алтын алады деп болжаса, америкалық Sports Illustrated сайтының болжамынша, Қазақстан "алтынсыз қалады".

СПОРТТАҒЫ СӘТСІЗДІКТЕР СЕРИЯСЫ

2021 жылы Токиодағы олимпиадада (пандемияға байланысты 2020 жылы өтпей қалған) Қазақстан спортшылары бірінен соң бірі жеңіліп жатты. Әсіресе жанкүйер үміт артқан бокс құрамасы екі қола медальмен (52 келіде Сәкен Бибосынов, +91 келіде Қамшыбек Қонқабаев) шектелді.

2019 жылы бокстан әлем чемпионы атанған Бекзат Нұрдәулетов (81 кг) екінші кезеңде жеңілді. Рио олимпиадасында күміс медаль иеленген Василий Левит (91 кг) Кубада туып, Испания атынан жарысқа қатысқан Энмануэль Рейестен нокаутпен жеңіліп қалды.

Боксшы Василий Левит (көк формада) Токио олимпиадасында нокаутқа түскен сәт. 27 шілде 2021 жыл.

Соңғы үміт каратэшілерде болған. 60 келіде олимпиадаға рейтинг лидері болып барған Дархан Асадилов та, әйелдер құрамасының лидері Софья Берульцева да (+61 кг) жартылай финалда жеңіліп қалды.

"Қоланы қанағат тұтпаймын. Елге алтын керек еді. Соған жұмыс істегенбіз. Кішкене жетпей қалды. Кешірім сұраймын бәрінен..." деген еді сол кезде Асадилов Азаттық тілшісіне.

Құраманы олимпиадаға бастап апарған Ұлттық олимпиада комитеті сәтсіздікті (ол кезде комитетті экс-президент Назарбаевтың күйеубаласы, миллиардер Тимур Құлыбаев басқаратын) коронавирус шектеулеріне, спортшылардың дайындығының аздығына сілтеген.

Каратэші Софья Берульцева Токио олимпиадасында алтын ала алмай жылап тұр. 7 тамыз 2021 жыл.

Бұдан соң, Қазақстан 2022 жылы Пекинде өткен қысқы олимпиада ойындарында медальсыз қалды. Жанкүйерлер қысқы олимпиадада кемі бір қолаға үміттенген еді.

"Қазспорт" телеарнасының комментаторы Шалқар Естен "жанкүйерлер бұл олқылықтардың орны Париж олимпиадасын толады деп күтіп отырғанын" айтады.

- Тәуелсіздік алған соң Қазақстан спортта жақсы жетістікке жетті. Мұның бәрі Совет одағының базасындағы нәтижелер деп айтуға болады. Сол жетістіктерге халық үйреніп қалған. Сондықтан нәтиже болмаса, наразылық күшеймек. Бірақ алтын болмай қалса сын айтылып, қоғам шулап қоюы мүмкін. Негізі мемлекет құлдыраса, спорт та құлдырайды. Сондықтан мемлекетке де, спортқа да реформа қажет, - дейді ол.

2022 жылы Қытайдың Хуанжоу қаласында өткен Жазғы Азия ойындарындағы сәтсіздік Қазақстан спорты үшін "нокдаун" болды. Азиадада Қазақстан 10 алтынмен алғаш рет жалпы есепте ТОП-10 елдің қатарына енбей қалды. Тәуелсіздік алғалы Қазақстан Азияда Қытай, Жапония, Оңтүстік Кореядан кейінгі спорт державасы ретінде қаралатын. Бірақ кейінгі он жылда Қазақстанның олимпиададағы және Азия ойындарындағы нәтижесі күрт төмендеп кетті.

"СПОРТҚА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ – ХАЛЫҚТЫҢ САЛЫҒЫ"

Спорттағы жеңілістерге қоғамда сын көбейіп, парламентте, қоғамда спортқа мемлекеттен бөлінетін қаржы жайлы көп айтыла бастады. Осы тұста спорт және туризм министрлігі 2023 жылдың өзінде бюджеттен спортқа 660 млн доллар (310 млрд теңге) бөлінгенін мәлімдеді.

"Спорт+" телеарнасының комментаторы Рауан Оқас бюджеттен спортқа миллиардаған қаржы жұмсалып жатқанда халықтың олимпиадада алтын талап етуге толық құқығы бар деп есептейді.

- Қазақстанда спортқа көп қаржы бөлініп, спортшыларға көп жағдай жасалады. Спортқа деген мемлекет тарапынан ерекше ден қойылған. Сондықтан қоғамның алтын талап етуі заңды. Ал Парижде алтын болмаса қоғамда реакция қатты болары сөзсіз, - дейді ол.

Ал спорт комментаторы Шалқар Естен де "спортқа бөлінетін ақша – халықтың салығы. Сол себепті халықтың талап ететіндей жөні бар" деп санайды.

Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына спорт және туризм министрлігін Ермек Маржықпаев басқарып тұрған тұста бармақ. Ал биыл ақпанда Тимур Құлыбаев ҰОК президенті қызметінен кетіп (2015 жылдан бері басқарды), оның орнына кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин тағайындалды. Жалпы елде 2014 жылдан бері спорт саласына жауап беретін министрлер жиі ауысты.

Спорт саласын 2014-2019 жылдары Арыстанбек Мұхамедиұлы, одан соң Ақтоты Райымқұлова (2019 жылдың маусымы - 2022 жылдың қаңтары), Дәурен Абаев (2022 жылдың қаңтары – 2023 жылдың қаңтары), Асхат Оралов (2023 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін) жауапты болды.

Спорт шолушысы Рауан Оқас Париж олимпиадасында алтын болмаса, спорт саласында тағы да өзгеріс болуы мүмкін екенін айтады.

- Спорт саласында министрлер жиі ауысқаны сонша сәтсіз нәтижеге кімнен жауап сұрарыңды білмейсің. Ал бұл жолы Парижде алтын болмаса, әрине, министр орнынан кетуі керек болады. Бірақ министр ғана емес бүкіл спорт саласында жүргендердің бәрін ауыстыру керек деп ойлаймын. Ал Головкин ҰОК президенті болып биыл ғана тағайындалғанын ескерсек, оның нәтиже көрсетуі ертерек деп ойлаймын. Бірақ соның өзінде Головкиннің келуі боксшыларға сенімділік беріп, бокс құрамасы олимпиадада алтын алып қуантады деп ойлаймын, - дейді Рауан Оқас.

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА БОЛЖАМ ҚАНДАЙ?

Олимпиада алдында америкалық Nielsen аналитикалық компаниясы мен америкалық Sports Illustrated сайты болжам жасаған. Nielsen Қазақстан Парижде 2 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль алады деп болжайды. Sports Illustrated "Қазақстан бір күміс, бес қола медаль алады" деп топшылайды.

Nielsen компаниясының болжамы:

  • 2 алтын: Боксшылар – Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай
  • 3 күміс: Милад Карими – спорттық гимнастика, Азамат Дәулетбеков – еркін күрес, Карина Ибрагимова – бокс.
  • 5 қола: Елена Рыбакина – теннис, Қамшыбек Қоңқабаев – бокс, Сәкен Бибосынов – бокс, Махмұд Сабырхан – бокс, Нариман Құрбанов – спорттық гимнастика

Sports Illustrated сайтының болжамы:

  • 1 күміс: Азамат Дәулетбеков – еркін күрес.
  • 5 қола: Асланбек Шымбергенов пен Карина Ибрагимова - бокс, Мария Дмитриенко – стенд ату, Милад Карими – спорттық гимнастика (сайт екі қола алады деп болжайды).

Париж олимпиадасы 26 шілде - 11 тамыз арасында өтеді. Қазақстаннан 80 спортшы 25 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Қазақстанның жазғы олимпиададағы 14 алтыны

Данияр Елеусінов Рио-2016 олимпиадасында бокстан 69 келіде чемпион атанды. 
1/15 Данияр Елеусінов Рио-2016 олимпиадасында бокстан 69 келіде чемпион атанды. 
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 14 алтын медалі бар. Бірақ Қазақстан допинг дауына байланысты олимпиада ойындарының алты алтынын қайтарып беруге мәжбүр болды.
Дмитрий Баландин Рио-2016 олимпиадасында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден алтын медаль иеленді. 
2/15 Дмитрий Баландин Рио-2016 олимпиадасында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден алтын медаль иеленді. 
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 14 алтын медалі бар. Бірақ Қазақстан допинг дауына байланысты олимпиада ойындарының алты алтынын қайтарып беруге мәжбүр болды.
Жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Лондон-2012 олимпиадасында топ жарды. Рыпакова Пекин-2008 олимпиадасының күміс, Рио-2016 олимпиадасының қола жүлдегері. Ол - олимпиадада ең көп медаль алған қазақстандық спортшы. 
3/15 Жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Лондон-2012 олимпиадасында топ жарды. Рыпакова Пекин-2008 олимпиадасының күміс, Рио-2016 олимпиадасының қола жүлдегері. Ол - олимпиадада ең көп медаль алған қазақстандық спортшы. 
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 14 алтын медалі бар. Бірақ Қазақстан допинг дауына байланысты олимпиада ойындарының алты алтынын қайтарып беруге мәжбүр болды.
Александр Винокуров велоспорттан Лондон-2012 олимпиадасында топтық жарыста чемпион атанды. Ол Сидней-2020 олимпиадасында күміс медаль иеленген еді. 
4/15 Александр Винокуров велоспорттан Лондон-2012 олимпиадасында топтық жарыста чемпион атанды. Ол Сидней-2020 олимпиадасында күміс медаль иеленген еді. 
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 14 алтын медалі бар. Бірақ Қазақстан допинг дауына байланысты олимпиада ойындарының алты алтынын қайтарып беруге мәжбүр болды.
Бокстан Серік Сәпиев Лондон-2012 олимпиадасында 69 келіде чемпион атанды. 
5/15 Бокстан Серік Сәпиев Лондон-2012 олимпиадасында 69 келіде чемпион атанды. 
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 14 алтын медалі бар. Бірақ Қазақстан допинг дауына байланысты олимпиада ойындарының алты алтынын қайтарып беруге мәжбүр болды.
Боксшы Бақыт Сәрсекбаев Пекин-2008 олимпиадасында 69 келіде чемпион болды. Бұл салмақта Қытай қазағы Қанат Ислам (сол жақта бірінші тұр) қола медаль иеленді. 
6/15 Боксшы Бақыт Сәрсекбаев Пекин-2008 олимпиадасында 69 келіде чемпион болды. Бұл салмақта Қытай қазағы Қанат Ислам (сол жақта бірінші тұр) қола медаль иеленді. 
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 14 алтын медалі бар. Бірақ Қазақстан допинг дауына байланысты олимпиада ойындарының алты алтынын қайтарып беруге мәжбүр болды.
Ресейден келген ауыр атлет Алла Баженина - 75 келіде Пекин-2008 олимпиадасының чемпионы. Баженина олимпиада кезінде күміс медаль алған еді. Кейін чемпион болған қытай атлеті Цао Лэйдің анализінен допинг табылып, алтын медаль Баженинаға берілген. 
7/15 Ресейден келген ауыр атлет Алла Баженина - 75 келіде Пекин-2008 олимпиадасының чемпионы. Баженина олимпиада кезінде күміс медаль алған еді. Кейін чемпион болған қытай атлеті Цао Лэйдің анализінен допинг табылып, алтын медаль Баженинаға берілген. 
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 14 алтын медалі бар. Бірақ Қазақстан допинг дауына байланысты олимпиада ойындарының алты алтынын қайтарып беруге мәжбүр болды.
Боксшы Бақтияр Артаев Афина-2004 олимпиадасында 69 келіде чемпион болды. Қазақстан 2004, 2008, 2012, 2016 жылғы олимпиадада 69 келіде алтын алды. Жанкүйерлер арасында 69 келі "қазақтың салмағы" деген сөз бар. 
8/15 Боксшы Бақтияр Артаев Афина-2004 олимпиадасында 69 келіде чемпион болды. Қазақстан 2004, 2008, 2012, 2016 жылғы олимпиадада 69 келіде алтын алды. Жанкүйерлер арасында 69 келі "қазақтың салмағы" деген сөз бар. 
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 14 алтын медалі бар. Бірақ Қазақстан допинг дауына байланысты олимпиада ойындарының алты алтынын қайтарып беруге мәжбүр болды.
Бокстан Бекзат Саттарханов 57 келіде Сидней-2000 олимпиадасының чемпионы болды. Ол кезде боксшы 20 жаста еді. 2000 жылы желтоқсанда Бекзат Шымкент маңында жол апатынан қаза тапты. 
9/15 Бокстан Бекзат Саттарханов 57 келіде Сидней-2000 олимпиадасының чемпионы болды. Ол кезде боксшы 20 жаста еді. 2000 жылы желтоқсанда Бекзат Шымкент маңында жол апатынан қаза тапты. 
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 14 алтын медалі бар. Бірақ Қазақстан допинг дауына байланысты олимпиада ойындарының алты алтынын қайтарып беруге мәжбүр болды.
Боксшы Ермахан Ибрагимов (ортада қолын көтеріп тұр) Сидней-2000 олимпиадасында 71 келіде алтын медаль алды. 
10/15 Боксшы Ермахан Ибрагимов (ортада қолын көтеріп тұр) Сидней-2000 олимпиадасында 71 келіде алтын медаль алды. 
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 14 алтын медалі бар. Бірақ Қазақстан допинг дауына байланысты олимпиада ойындарының алты алтынын қайтарып беруге мәжбүр болды.
Жеңіл атлет Ольга Шишигина 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Сидней-2000 олимпиадасында чемпион атанды. 
11/15 Жеңіл атлет Ольга Шишигина 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Сидней-2000 олимпиадасында чемпион атанды. 
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 14 алтын медалі бар. Бірақ Қазақстан допинг дауына байланысты олимпиада ойындарының алты алтынын қайтарып беруге мәжбүр болды.
1996 жылғы Атланта олимпиадасында грек-рим күресінен Юрий Мельниченко 57 келіде чемпион болды. 
12/15 1996 жылғы Атланта олимпиадасында грек-рим күресінен Юрий Мельниченко 57 келіде чемпион болды. 
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 14 алтын медалі бар. Бірақ Қазақстан допинг дауына байланысты олимпиада ойындарының алты алтынын қайтарып беруге мәжбүр болды.
Боксшы Василий Жиров 81 келіде Атланта-1996 олимпиадасында топ жарды. 
13/15 Боксшы Василий Жиров 81 келіде Атланта-1996 олимпиадасында топ жарды. 
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 14 алтын медалі бар. Бірақ Қазақстан допинг дауына байланысты олимпиада ойындарының алты алтынын қайтарып беруге мәжбүр болды.
Қазіргі бессайыстан Александр Парыгин Атланта-1996 олимпиадасында чемпион атанып кетті. Кейін ол Австралия азаматтығын алып, Афина ойындарына осы елдің атынан қатысып, жүлдеге іліне алмады. 
14/15 Қазіргі бессайыстан Александр Парыгин Атланта-1996 олимпиадасында чемпион атанып кетті. Кейін ол Австралия азаматтығын алып, Афина ойындарына осы елдің атынан қатысып, жүлдеге іліне алмады. 
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 14 алтын медалі бар. Бірақ Қазақстан допинг дауына байланысты олимпиада ойындарының алты алтынын қайтарып беруге мәжбүр болды.
Сонымен Қазақстанда жазғы олимпиада ойындарының 14 алтын медалі бар. Қазақстан допинг дауына байланысты алты алтын жүлдені қайтарып беруге мәжбүр болды. Ауыр атлет Илья Ильин (суретте) допинг қолданды деп айыпталып, Пекин және Лондон олимпиадасының алтынын қайтарды. Ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза (екеуі де Қытайдан келген), Светлана Подобедова (Ресейден келген) Лондонда алған алтындарынан айырылды. Сондай-ақ тағы бір ауыр атлет Нижат Рахимов (Әзербайжаннан келген) "допинг ережесін бұзды" деп айыпталып, Рио олимпиадасында алған алтынын берді. 
15/15 Сонымен Қазақстанда жазғы олимпиада ойындарының 14 алтын медалі бар. Қазақстан допинг дауына байланысты алты алтын жүлдені қайтарып беруге мәжбүр болды. Ауыр атлет Илья Ильин (суретте) допинг қолданды деп айыпталып, Пекин және Лондон олимпиадасының алтынын қайтарды. Ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза (екеуі де Қытайдан келген), Светлана Подобедова (Ресейден келген) Лондонда алған алтындарынан айырылды. Сондай-ақ тағы бір ауыр атлет Нижат Рахимов (Әзербайжаннан келген) "допинг ережесін бұзды" деп айыпталып, Рио олимпиадасында алған алтынын берді. 
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 14 алтын медалі бар. Бірақ Қазақстан допинг дауына байланысты олимпиада ойындарының алты алтынын қайтарып беруге мәжбүр болды.
Previous slide
Next slide
Айдар
XS
SM
MD
LG