Accessibility links

Харристі Демократиялық партия съезі делегаттарының көбі қолдауға дайын


Камала Харрис сайлауалды штабында.
Камала Харрис сайлауалды штабында.

АҚШ президенті Джо Байден сайлауға қатысудан бас тартқаннан кейінгі күні вице-президент Камала Харрис Демократиялық партия съезі делегаттарының көпшілігінің қолдауына ие болды.

Associated Press агенттігінің есебінше, Харриске 2700-ге жуық делегат дауыс беруге дайын. Президенттікке кандидат болу үшін Харриске 1976 делегаттың қолдауы қажет. Дауыс беру 1-7 тамыз аралығында өтеді.

Байденнің президент сайлауына қатыспайтыны демократтарға президенттікке кандидат болу үшін күресуге мүмкіндік берді. Алайда Джо Байден президент сайлауы бәсекесінен шығып, Демократиялық партиядан президенттікке кандидат болуға Камала Харрис лайық деп мәлімдегеннен кейін жетекші демократ саясаткерлер өз пікірін айтты.

Харристің сайлау қорына 888 мың донордан 80 млн доллардан аса қаражат түсті. Дүйсенбі кешке дейін Харристен басқа демократтар президенттікке үміткер болуға күресуге ниет білдірген жоқ. Кентукки, Иллинойс, Мэриленд, Мичиган штаттарының губернаторлары Камала Харристің кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді. Оларға өкілдер палатасының бұрынғы спикері Нэнси Пелоси қосылды, ол Харристің кандидатурасын бұған дейін жария түрде қолдамаған еді.

Харристің сайлау штабы вице-президентке үміткер таңдау рәсімін Барак Обама әкімшілігінде әділет министрі болған Эрик Холдер басқарады деді. Камала Харристің кімді таңдайтыны әзірге белгісіз.

Камала Харрис сайлауалды штабына барғанда сайлау науқанын бастап, бұрын прокурор болып істегенін еске салып, "жыртқыштармен" және "алаяқтармен" жақсы таныс екенін айтты.

Дональд Трамп сияқты адамдардың қандай болатынын білемін", – деді Харрис.

Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында Байденнің сайлау бәсекесінен шығу шешімін "ерлікке" балап, Харристің кандидатурасын "сәтсіз" деп атады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG