Accessibility links

Ақмола облысында АН-2 ұшағы неге құлағанын комиссия тексереді


Ақмола облысында АН-2 ұшағы құлаған жерде құтқарушылар жұмыс істеп тұр.
Ақмола облысында АН-2 ұшағы құлаған жерде құтқарушылар жұмыс істеп тұр.

21 шілдеде Ақмола облысы Жарқайың ауданында АН-2 ұшағы құлап, өртенді. Оқиғаны тергеу бойынша комиссия құрылды. Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, "Бүркіт-Авиа" компаниясына тиесілі ұшақ Державинск қаласынан 10 шақырым жерде өртенген.

Көлік министрлігі АН-2 ұшағы 21 шілде сағат 18.54-те апатқа ұшырады, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ деді.

ТЖМ мәліметінше, бортта болған ұшқыш жанып жатқан ұшақтан өзі шыққан, ТЖМ құтқарушылары 8 минутта өртті сөндірген.

Биыл мамырда Қостанай облысында Арқалық–Ақсұңқар бағыты бойынша санитарлық рейске ұшқан АН-2 ұшағы күрт құлдилап, таяз суға қонған, содан соң аударылған.

АН-2 – 1947 жылдан бастап шығарылған совет ұшағы. Егістікті химиялық өңдеу кезінде қолданылған бұл ұшақ ел арасында "кукурузник" деп танылған. Әуе кемесі жолаушы да тасымалдаған.

2020 жылы ақпанда дәл осындай ұшақ Өскемен түбінде ауыр қонып, өртке оранған. 2019 жылғы маусымда Ақмола облысы Родина ауылының түбінде АН-2 ұшағы құлап, бір адам қаза тапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG