Accessibility links

Қырғызстанда сел ағызып әкеткен 6 жасар қыздың сүйегі Өзбекстаннан табылды


Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі таратқан сурет.
Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі таратқан сурет.

Қырғызстанның Ош облысында сел ағызып әкеткен 6 жасар қыздың сүйегі Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы Шахрихонсой суару каналынан табылды. Бұл туралы қырғыз төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 2017 (министрлік басқа бір мәлімдемесінде 2018 жылғы деді) жылы туған қыздың сүйегін қырғыз тарапына "Достық" шекара бекеті арқылы берген.

Сел 14 шілде күні болған, төрт адам хабар-ошарсыз кеткен. Қала әкімдігі олар Толойкон ауданындағы демалыс орнында болған деп хабарлады. ТЖМ жоғалған адамдар бір отбасының мүшелері деп мәлімдеді: 1980 жылы туған әйел мен оның 2005, 2014 және 2018 жылғы үш қызы.

Өзгүр ауылында адамдарды қауіпсіз жерге апарған жүк көлігі астында қалған бір адам қаза болған. Құтқарушылар табиғи апат салдарынан Өзгүр ауылындағы Борубай-Ата демалыс орнынан 500-ден аса адамды қауіпсіз жерге көшірген.

Қырғызстан министрлер кабинетінің ақпаратынша, жыл басынан бері елде 230-дан аса сел жүріп, 17 адам қаза болған. 20 сәуір мен 1 шілде аралығында жүрген селдер 170 миллионнан астам сомға (2 миллион доллар) зиян келтірген деп хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG