Accessibility links

Астанада ШЫҰ саммиті қарсаңында әуе кеңістігінде уақытша шектеу енгізіліп, жолаушы рейстері бөгелді


Астана халықаралық әуежайы.
Астана халықаралық әуежайы.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті қарсаңында іс-шараға дайындыққа байланысты Астана әуежайының әуе кеңістігінде уақытша шектеу енгізілді. Астана әуежайында рейстер кестедегі уақытынан кешігіп жатыр.

"28 маусымнан бастап Астана әуежайында рейстердің кешігуі 3-4 шілдеде Астанада жоспарланған Шанхай ұйымы саммитіне дайындық аясында Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі ұшақтарының жаттығуларын өткізу себепті әуежайдағы әуе кеңістігінің уақытша жабылуымен байланысты. Жаттығулар 30 маусымға дейін сағат 9.25-тен 10.20-ға дейінгі аралықта өткізіледі. Кешірім сұрай отырып, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды өтінеміз", – дейді Қазақстан көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

Астана әуежайындағы рейстердің бөгелуі елдің басқа қалаларындағы әуе рейстеріне әсер етіп, олар кестедегі уақытынан кешікті.

Комитет жолаушыларға рейстерінің ұшу уақытын әуе компанияларынан сұрастырып нақтылап алуға кеңес берген.

ШЫҰ-на Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Үндістан және Иран елдері мүше.

Саммит қарсаңында Астана полициясы күшейтілген қызмет тәртібіне көшетінін қала тұрғындарына ескертті. Көшедегі тәртіпті қадағалауға шығатын полиция саны артты, бейнебақылау камераларының көмегімен визуалды бақылау күшейтілді, қалаға кіреберісте автокөліктерді тексеріп өткізіп жатыр деп хабарлады полиция.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG