Accessibility links

Грузияда "Холод" басылымының бас редакторын бірнеше сағат ұстаған соң босатқан


"Холод" интернет-журналының бас редакторы Таисия Бекбулатова.
"Холод" интернет-журналының бас редакторы Таисия Бекбулатова.

17 маусымда "Холод" интернет-журналының бас редакторы Таисия Бекбулатованы Тбилисиде шекара қызметі бөгеген. Басылымның жазуынша, грузин шекарашылары журналиске оның елге кіруіне болатыны я болмайтынын анықтау керегін айтқан. Бұл жайтты БАҚ жаза бастағаннан кейін, 8 сағат жауап күткен Бекбулатованы Грузияға өткізген.

Таисия Бекбулатова – ресейлік журналист, 2021 жылы тәуелсіз БАҚ-қа саяси қысым күшейген соң Грузияға кетіп қалған. Жақында Берлинге қоныс аударған ол Тбилисиге сонда қалған мысықтарын алып кетуге барған деп хабарлады "Холод" басылымы.

Ресей билігі Бекбулатованы "шетел агенті" деп таныған. Грузия билігі ресейліктерді, соның ішінде тәуелсіз журналистерді, оппозициялық саясаткерлерді және құқық қорғаушыларды кейде елге кіргізбей қояды дейді "Эхо Кавказа" сайты. Грузия мен Ресей арасында дипломатиялық қатынас жоқ. Грузия шекара полициясы журналист Бекбулатованы неге бөгегені жөнінде түсініктеме бермеді.

2022 жылы британдық BBC телеарнасы Таисия Бекбулатованы әлемдегі ең ықпалды және жігерлендіретін 100 әйелдің тізіміне енгізген. 2023 жылы ол құқық қорғаушы, Time журналы мұқабасында жариялаған Анна Ривинамен және мәскеулік белгілі журналистермен бірге әйелдерге арналған "Коса" медиасын бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG