Accessibility links

G7 елдері Украинаға 50 млрд доллар бөлуге келісті


"Үлкен жетілік" елдерінің тулары.
"Үлкен жетілік" елдерінің тулары.

"Үлкен жетілік" (G7) елдерінің басшылары Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен пайдадан өтелетін несие түрінде Украинаға 50 млрд доллар бөлу туралы келісімге келді.

Bloomberg агенттігі сұхбаттасқан дереккөз келісімнің техникалық жағы 13-14 маусымда өткелі отырған "Үлкен жетілік" саммитінен кейін талқыланады дейді.

Агенттіктің жазуынша, олар бұл қаржыны Украинаға 2024 жылдың аяғына қарай бөлуді жоспарлап отыр.

Ресейдің бұғатталған активтері есебінен Украинаға 50 млрд доллар беруді АҚШ ұсынған. 2022 жылғы 24 ақпаннан кейін Еуроодақта, Канадада, АҚШ пен Жапонияда бұғатталған 300 миллиард доллардың шамамен 5-6 млрд доллары Вашингтонда сақтаулы тұр. Еуропада 210 млрд бар. Бұғатталған қаражаттың бәрі жылына үш-бес млрд пайда әкеледі деп отыр.

Басында бұл жоспарға Германия, Италия, Франция және Жапония қарсы болған. Вашингтон бұл бастаманы Италиядағы саммит қорытындысында G7 басшыларының бірлескен мәлімдемесіне қосуды талап еткен.

Ресей сыртқы істер министрлігі Мәскеудің бұғатталған активтерінен түскен түскен пайданы қолданатын болса, оған жауап қайтаратынын мәлімдеді. СІМ нақты не істейтінін ашып айтпады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG