Accessibility links

Барлау қызметінің директоры: Ресей – АҚШ-тағы сайлау үшін ең үлкен қатер


АҚШ барлау қызметінің директоры Эврил Хейнс
АҚШ барлау қызметінің директоры Эврил Хейнс

Америкадағы президент сайлауына ықпал етуге тырысып жатқан шетел субъектілерінің саны барған сайын артып барады. Олардың ең ірілерінің арасында Ресей, Қытай және Иран да бар. АҚШ ұлттық барлау қызметінің директоры Эврил Хейнс сенаттың барлау жөніндегі комитетінің тыңдауында осылай деп мәлімдеді. Бұл жөнінде "Америка дауысы" және Reuters агенттігі хабарлады.

"Ресей – АҚШ-тағы сайлау үшін ең үлкен қатер ретінде қалды" деді Хейнс.

"Ресей үкіметінің мұндай ықпал ету операцияларындағы мақсаты АҚШ-тың демократиялық институттарына деген сенімді азайту, АҚШ-тағы әлеуметтік-саяси алауыздықтарды күшейту және Батыс елдерінің Украинаға қолдауын әлсірету" деді ұлттық барлау қызметінің жетекшісі.

АҚШ барлау қызметі Кремль қолдауындағы құрылымдар 2016 жылы Дональд Трамптың сайлауда жеңіске жету мүмкіндігін арттырды деген қорытындыға келгеннен кейін конгрестегі комитеттер шетелдіктер, оның ішінде ресейліктердің Америкадағы қоғамдық пікірге ықпал ету талпыныстарын зерттей бастаған.

Хейнстің пікірінше, үкіметтің сайлауды қорғау бойынша талпыныстары 2016 жылғы президент сайлауынан кейін тиімді бола бастаған.

15 мамырда өткен тыңдау 2024 жылы АҚШ-тағы сайлау тақырыбы бойынша комитетте өткен алғашқы отырыс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG