Accessibility links

Байден Украинаға әскери көмек беру туралы заң жобасына қол қойды


Джо Байден Ақ үйдегі брифинг кезінде, 24 сәуір 2024 жыл.
Джо Байден Ақ үйдегі брифинг кезінде, 24 сәуір 2024 жыл.

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға 61 млрд доллар көлемінде әскери көмек беру туралы заң жобасына қол қойды. Бұл жөнінде Ақ үйдегі брифинг кезінде Джо Байден мәлімдеді.

"Бұл бейбітшілік үшін жақсы күн. Бұл Американың серіктестері үшін өте маңызды қолдау, олар егемендігіне төнген қауіпке қарсы тұра алуы керек" деді Байден.

Ақ үйдің хабарлауынша, Украинаға қару-жарақ осы аптадан бастап жеткізіле бастайды. Құны шамамен 1 млрд доллар болатын алғашқы әскери көмек пакетіне әуе қорғанысына арналған оқ-дәрі, артиллерия, ракета жүйелері мен бронды техника кіреді.

Украина және өзге елдерге арналған әскери қолдау қарастырылған заң жобасы АҚШ конгресінде бірнеше ай бойы талқыланып келді. 21 сәуірде заң жобасын өкілдер палатасы мақұлдады. 24 сәуірде сенат бекітті.

Заң жобасы аясында шамамен 60,8 млрд доллар – Украинаға, 26 млрд – Израиль мен Газа тұрғындарына гуманитарлық көмекке, 8 млрд Тайвань мен АҚШ-тың Тынық мұхиты аймағындағы одақтастарына беріледі.

XS
SM
MD
LG