БҰҰ мінберінде Украина-Ресей соғысы туралы не айтылды?
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының 78-сессиясы өтіп жатыр. Жарыссөздің алғашқы күнінде Украина-Ресей соғысына кеңірек тоқтағандар немесе тақырыпты айналып өткендер де болды. АҚШ әлемді Ресейге қарсы бірігуге үндеді. Қазақстан дипломатияға жүгінуді қолдады.