Accessibility links

Хантер Байден қылмыстық сотқа тартылуы мүмкін


Вице-президент болып тұрған кездегі Джо Байден ұлы Хантер Байденмен бірге баскетбол матчын тамашалап отыр. 2010 жыл.
Вице-президент болып тұрған кездегі Джо Байден ұлы Хантер Байденмен бірге баскетбол матчын тамашалап отыр. 2010 жыл.

АҚШ президентінің ұлы Хантер Байденге қылмыстық айып тағылып, сот алдында жауап беруі мүмкін. Reuters-тің жазуынша, кіші Байденге кінәсін мойындауды ұсынатын сотпен келісім бойынша келіссөздер тығырыққа тірелген.

Жұма күні АҚШ бас прокуроры Меррик Гарланд Хантер Байденге қатысты тергеу жүргізіп жатқан прокурор Дэвид Вайсты арнайы прокурор деңгейіне көтерді. Осылайша Вайс тергеу жүргізу бойынша қосымша өкілетке ие болған.

Маусым айында Хантер Байденге "салықтан жалтарды" және "қару туралы заңды бұзды" деген айыптар тағылған. "Америка дауысы" сайты Делавэрдегі федералдық сот судьясы айыптау тарабы ұсынған кінәні мойындау туралы келісімді кері қайтарғанына назар аударады.

Тергеуді аяқтағаннан кейін Вайс әділет минстрлігіне есебін таныстырып, қорытындыларын жариялайды.

Республикашылдар Джо Байденді ұлының Украина мен Қытайдағы кәсіпорындардан тапқан табысынан пайда көрді деп айыптаған, алайда бұл тұжырымдарына әзірге дәлел ұсынған жоқ.

53 жастағы Хантер Байден бұрын лоббист, заңгер, кеңесші әрі инвестициялық банкир болып істеген. Ол бұрын ішімдік ішіп, крэк-кокаин қолданғанын мойындаған.

Хантер Байденді республикашылдар басым көпшілік болып отырған өкілдер палатасындағы бірнеше комитет ерекше назарда ұстап отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG