Accessibility links

Ресей Түркияға С-400 қаруын 2019 жылы жеткізбек


С-400 зенитті ракеталық кешен. Көрнекі сурет
С-400 зенитті ракеталық кешен. Көрнекі сурет

Ресейдің мемлекеттік "Рособоронэкспорт" қару тасымалдаушы компаниясы Түркияға 2019 жылдан бастап С-400 зенитті ракеталық кешенін жеткізетінін мәлімдеді. 21 тамызда компания бұдан былай қаруды доллармен сатуды да доғаратынын айтты.

Бұл мәлімдеме Вашингтон мен Анкара арасының нашарлап кеткен сәтіне сәйкес келді.

АҚШ Түркияның Ресейден С-400 қаруын сатып алу әрекетіне алаңдайды. Америка "НАТО құрамына кіретін Түркия аумағында ресейлік қарудың кең тарауы Анкара қолданатын АҚШ-тың кейбір әскери қаруына, соның ішінде F-35 ұшағына қауіп төндіруі мүмкін" деп есептейді.

Бұған дейін АҚШ "Рособоронэкспорт" компаниясын "АҚШ-тың жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі заңнамасын бұзды" деп айыптап, санкция салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG